HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
4. Include 1st page (1-бетті қосу) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. On (Қосу) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң таңдауды
растау үшін OK батырмасын басыңыз.
Қате түзетуді жəне факс жылдамдығын өзгертіңіз
Факс қатесін түзету режимін орнатыңыз
Əдетте, өнім факс қабылдау немесе жіберу кезінде телефон желісіндегі сигналдарды бақылап
отырады. Егер берілім кезінде өнім қате тапса, жəне қатені түзету параметрі On (Қосу) болса,
өнім факстің бөлігін қайта жіберуді сұрауы мүмкін. Қатені түзету үшін зауыттық стандартты мəн
мынадай: On (Қосу).
Факсті жіберу немесе қабылдау кезінде қиыншылықтарға кездессеңіз немесе берілімдегі
қателерді қабылдағыңыз
келсе ғана, қатені түзету режимін ажыратуыңыз қажет. Факсті шетелге
жіберу немесе шетелден факс қабылдау кезінде немесе сіз телефон байланысын жер серігі
арқылы пайдалансаңыз, бұл функцияны ажыратып қою пайдалы болуы мүмкін.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. All faxes (Барлық
факстер) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. Error correction (Қатені түзету) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. On (Қосу) немесе Off (Ажырату) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң таңдауды сақтау үшін OK батырмасын басыңыз.
Факс жылдамдығын өзгертіңіз
Факс жылдамдығының параметрі бұл өнім факстерді жіберу үшін пайдаланатын модемдік
протокол болып табылады. Ол мəліметтерді телефон желілері арқылы 33 600 бит/с
жылдамдықпен жіберетін немесе қабылдайтын толық дуплексті модемдерге арналған бүкіл
дүние жүзілік стандарт болып табылады. Факс жылдамдығының параметрі үшін зауыттық
стандартты мəн мынадай: High (V.34) (Жоғары (V.34).
Бұл параметрді нақты бір құрылғыға факс жіберу немесе одан
факс қабылдау кезінде
қиыншылықтарға кездессеңіз ғана өзгерту қажет. Факсті шетелге жіберу немесе шетелден факс
қабылдау кезінде немесе сіз телефон байланысын жер серігі арқылы пайдалансаңыз, факс
жылдамдығын азайту пайдалы болуы мүмкін.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. All faxes (Барлық
факстер) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
KKWW Факс мəселелерін шешіңіз 175