HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Барлық факс есеп берулерін басып шығарыңыз
Бір мезгілде мына есеп берулердің барлығын басып шығару үшін осы процедураны
пайдаланыңыз:
Факс жұмыстарын тіркеу журналы
Телефон кітабының есебі
Конфигурация есебі
Пайдалану беті
Бұғатталған факстер тізімі
Төлем есебі (егер опция қосылған болса)
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Reports (Есеп берулер) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан
соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Reports (Факс есеп берулері) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. All fax reports (Факстің барлық есептері) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз. Өнім мəзір
параметрлерінен шығып, есептерді басып шығарады.
Факстің жеке есептерін басып шығарыңыз
Факстің мына тіркеу журналдары мен есептерін басып шығару үшін басқару панелін
пайдаланыңыз:
Fax activity log: (Факс жұмыстарын тіркеу журналы:) Соңғы уақытта алынған, жіберілген
немесе жойылған 40 факстің хронологиялық тарихын көрсетеді жəне пайда болған кез
келген қателерді де көрсетеді.
Phone book report: (Телефон кітабының есебі:) Телефон кітабының жазбаларына
бекітілген факс нөмірлерінің тізімін береді жəне мұнда нөмірді тез теру
жəне нөмірлер тобын
теру жазбалары да қамтылады.
Block-fax list: (Бұғатталған факстер тізімі:) Өнімге факс жіберу мүмкіндігі бұғатталған факс
нөмірлерінің тізімін береді.
Last call report: (Соңғы шақыру туралы есеп беру:) Өнімнен жіберілген немесе онда
алынған соңғы факс туралы мəлімет береді.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Reports (Есеп берулер) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан
соң OK батырмасын басыңыз.
172 Бап 10 Факс KKWW