HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Факс сигналдары телефон желісінде естілетін жағдайда факстерді қабылдаңыз
Егер сізде факс жəне телефон қоңырауларын қабылдайтын телефон желісі болса жəне сіз
телефонмен жауап берген кезде факс сигналдарын естісеңіз, сіз екі əдістің бірін пайдаланып факс
қабылдауды бастауыңызға болады:
●
Егер сіз өнімге жақын тұрсаңыз, басқару панеліндегі Start Fax (Факсты бастау) батырмасын
басыңыз.
●
Егер сіз желіге қосылған кез келген телефонмен жауап берсеңіз (қосымша телефон
аппараты
) жəне факс сигналдарын естісеңіз, өнім қоңырауға жауап беруді автоматты түрде
бастауы тиіс. Егер олай болмаса, телефон пернетақтасында 1-2-3 сандарын кезекпен басып,
факс берілу дыбыстарын тыңдаңыз, сонан соң телефон тұтқасын қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Екінші əдісті пайдалану үшін қосымша телефон параметрін Yes (Иə) орнату қажет.
Параметрді тексеру немесе өзгерту үшін
Факстерді қабылдау үшін қосымша телефонды
қамтамасыз етіңіз 150-бетте қараңыз.
Сіздің компьютеріңізге жіберілген факсті көріңіз
Факстерді компьютерде көру үшін өнім факстерді компьютерге алатындай етіп
конфигурациялануы қажет.
Компьютерді факс қабылдайтындай етіп реттеңіз 147-бетте қараңыз.
1. HP ToolboxFX ашыңыз.
2. Өнімді таңдаңыз.
3. Fax (Факс) батырмасын басыңыз.
4. Fax Receive Log (Факс қабылдауды тіркеу журналы) батырмасын басыңыз.
5. Fax Image (Факс кескіні) бағанасында көргіңіз келетін факстің «көру» сілтемесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді пайдаланып факстерді қабылдау Macintosh үшін қарастырылмаған.
166 Бап 10 Факс KKWW