HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Сақталған факсті басып шығарыңыз (факсті құпия түрде қабылдау функциясы
қосылса)
Сақталған факстерді басып шығару үшін жеке идентификациялық кодты (PIN) енгізу қажет. Өнім
сақталған факстерді басып шығарғаннан кейін факстер жадтан өшіріледі.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Өнімнің қауіпсіздік PIN-кодын енгізу үшін əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланыңыз,
сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
4. Fax Recv. (Факс қабылдау) орнату таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. Private receive (Құпия түрде қабылдау) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
6. Print faxes (Факстерді басып шығару) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
Факсті қайта басып шығарыңыз
Басып шығару картриджі бос болғандықтан немесе факс баспа құралының дұрыс емес түріне
басып шығарылғандықтан сіз факсті қайта басып шығарғыңыз келсе, оны қайта басып шығаруға
болады. Қайта басып шығару үшін сақталған факстердің нақты саны жарамды жад көлемімен
анықталады. Ең соңғы сақталған факс бірінші болып басылып шығарылады; сақталып тұрған ең
ескі факс соңында басылып шығарылады
.
Бұл факстер тұрақты түрде сақталады. Оларды қайта басып шығарғанда олар жадтан
өшірілмейді. Бұл факстерді жадтан жою үшін
Факстерді жадтан өшіріңіз 153-бетте қараңыз.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) функциялары таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
3. Reprint last (Соңғысын қайта басып шығару) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз. Өнім ең соңғы басып
шығарылған факсті қайта басып шығаруды бастайды.
ЕСКЕРІМ: Кез келген уақытта басып шығаруды тоқтату үшін Cancel (Тоқтату) батырмасын
басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер Reprint faxes (Факстерді қайта басып шығару) параметрі Off (Ажырату)
қойылған болса, дұрыс емес басылған немесе күңгірттенген факстер қайта басып
шығарылмайды.
KKWW Факсті пайдаланыңыз 165