HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
c. Өнімге жүктелген кез келген беттерді қосыңыз. (Бұл қадамды орындау міндетті
емес.)
d. Send Now (Қазір жіберу) батырмасын басыңыз.
●
Macintosh
a. Mac OS X v10.3: Fax (Факс) опциясын Print (Басып шығару) диалогынан таңдаңыз.
-немесе-
Mac OS X v10.3: Fax PDF (Факс PDF) опциясын PDF мəзірінен таңдаңыз.
b. Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
c. Mac OS X v10.3: Титул бетін қосыңыз (бұл қадамды орындау
міндетті емес).
-немесе-
Mac OS X v10.3: Modem (Модем) астында өнімді таңдаңыз.
d. Fax (Факс) батырмасын басыңыз.
Төменгі жақтағы телефоннан теру арқылы факс жіберіңіз
Кейде, өнім қосылған желідегі телефоннан факс нөмірін теру қажет болуы мүмкін. Мысалы, егер
сіз құрылғысы қолмен қабылдау режимінде тұрған кісіге факс жіберсеңіз, факстің алдында
дауыстық шақыру арқылы сіз сол кісіге факс жіберілетінін хабарлай аласыз.
ЕСКЕРІМ: Телефон өнімнің «телефон» портына ( ) қосылған болуы тиіс.
1. Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының (ADF) кіру науасына салыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша телефоннан нөмір теру арқылы факс жібергенде сіз планшетті
сканерді пайдалана алмайсыз.
2. Өнім қосылған желідегі телефон тұтқасын көтеріңіз. Телефон батырматақтасын пайдаланып
факс нөмірін теріңіз.
3. Қабылдаушы жауап бергенде одан факс машинасында факс қабылдауды бастауын сұраңыз.
4. Факс сигналдарын естігенде Start Fax (Факсты бастау) батырмасын басыңыз, басқару
панелінің дисплейінде Connecting (Қосуда) хабары шыққанша күтіңіз, сонан соң телефон
тұтқасын орнына қойыңыз.
Кейінірек жіберілетін факсты жіберіңіз
Бір немесе бірнеше адамдарға алдағы уақытта автоматты түрде жіберілуі тиіс факсті жоспарлау
үшін өнімнің басқару панелін пайдаланыңыз. Бұл процедура біткеннен кейін, өнім құжатты
жадына сканерлейді, сонан соң Дайын жағдайына қайта оралады.
ЕСКЕРІМ: Егер өнім факсті жоспарланған уақытта жібере алмаса, сəйкес мəлімет факс қатесі
есебінде көрсетіледі (егер сол опция қосылған болса) немесе факс жұмыстарын тіркеу
журналына жазылады. Факс жіберу шақыруына жауап болмағандықтан немесе бос емес сигналы
нөмірді қайта теру əрекеттерін тоқтатқандықтан берілім басталмауы мүмкін.
KKWW Факсті пайдаланыңыз 163