HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

HP Director пайдаланып факс жіберу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының (ADF) кіру науасына немесе
планшетті сканерге салыңыз.
2. Пиктограмманы басу арқылы HP Director ашыңыз, сонан соң Fax (Факс) батырмасын
басыңыз. Apple басып шығару диалогы көрінеді.
3. Fax PDF (Факс PDF) опциясын PDF мəзірінен таңдаңыз.
4. To (Қайда) астында бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
5. Modem (Модем) астында өнімді таңдаңыз.
6. Fax (Факс) батырмасын басыңыз.
Факс драйверіне басып шығару арқылы факс жіберу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Факспен жібергіңіз келетін құжатты ашыңыз.
2. File (Файл) батырмасын басыңыз, сонан соң Print (Басып шығару) батырмасын басыңыз.
3. Fax PDF (Факс PDF) опциясын PDF мəзірінен таңдаңыз.
4. To (Қайда) астында бір немесе бірнеше
қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
5. Modem (Модем) астында өнімді таңдаңыз.
6. Fax (Факс) батырмасын басыңыз.
Үшінші жақтың бағдарламалық құралдарынан факс жіберіңіз, мысалы, Microsoft Word (барлық
операциялық жүйелер)
1. Үшінші жақтың бағдарламасында құжатты ашыңыз.
2. File (Файл) мəзірін басыңыз, сонан соң Print (Басып шығару) батырмасын басыңыз.
3. Принтер драйверінің ашылатын тізімінен факс басып шығару драйверін таңдаңыз.
Факстің
бағдарламалық құралдары көрінеді.
4. Мына процедуралардың бірін орындаңыз:
Windows
a. Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
b. Титул бетін қосыңыз. (Бұл қадамды орындау міндетті емес.)
162 Бап 10 Факс KKWW