HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Бағдарламалық құралдардан факс жіберіңіз
Бұл тарауда өніммен бірге келген бағдарламалық құралдарды пайдаланып факстерді жіберуге
арналған негізгі нұсқаулар берілген. Бағдарламалық құралдарға қатысты басқа барлық
тақырыптар бағдарламалық құралдардың Көмек бөлімінде қамтылған жəне оны бағдарламаның
Help (Көмек) мəзірінен ашуға болады.
Егер сіз мына талаптарға жауап берсеңіз, электрондық құжаттарды компьютерден факс арқылы
жібере аласыз:
●
Өнім тікелей компьютерге қосылған немесе компьютерге TCP/IP
желісі арқылы қосылған.
●
Өнімнің бағдарламалық құралдары компьютерде орнатылған.
●
Компьютердің операциялық жүйесі Microsoft Windows XP, Windows Vista, Mac OS X v10.3
немесе Mac OS X v10.4.
Факсті бағдарламалық құралдардан жіберіңіз (Windows XP немесе Vista)
Факс жіберу процедурасы сіздің техникалық талаптарыңызға байланысты өзгереді. Ең көп
пайдаланылатын əрекеттер.
1. Start (Бастау) батырмасын басыңыз, Programs (Бағдарламалар) батырмасын басыңыз
(немесе Windows XP үшін All Programs (Барлық бағдарламалар), сонан соң Hewlett-
Packard басыңыз.
2. HP LaserJet product (HP LaserJet өнімі) батырмасын
басыңыз, сонан соң Send fax (Факс
жіберу) батырмасын басыңыз. Факстің бағдарламалық құралдары көрінеді.
3. Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
4. Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының (ADF) кіру науасына салыңыз.
5. Титул бетін қосыңыз. (Бұл қадамды орындау міндетті емес.)
6. Send Now (Қазір жіберу) батырмасын басыңыз.
Факсті бағдарламалық құралдардан жіберіңіз (Mac OS X v10.3)
1. Құжатты құжаттарды автоматты
түрде беру құрылғысының (ADF) кіру науасына немесе
планшетті сканерге салыңыз.
2. HP Director ашыңыз жəне Fax (Факс) батырмасын басыңыз. Факстің бағдарламалық
құралдары көрінеді.
3. Fax (Факс) опциясын Print (Басып шығару) диалогынан таңдаңыз.
4. Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
5. Титул бетін қосыңыз (бұл қадамды орындау міндетті емес).
6. Fax (Факс) батырмасын басыңыз.
Факсті бағдарламалық құралдардан
жіберіңіз (Mac OS X v10.4)
Mac OS X v10.4 пайдаланып, өнімнің бағдарламалық құралдарынан факс жіберудің екі əдісінің
бірін таңдауыңызға болады.
KKWW Факсті пайдаланыңыз 161