HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Факсті топқа қолмен жіберіңіз (жоспарланбаған факс жіберу)
Нөмірлер тобын теру жазбасы жоқ қабылдаушылар тобына факс жіберу үшін мына нұсқауларды
пайдаланыңыз:
1. Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының (ADF) кіру науасына немесе
планшетті сканерге салыңыз.
2. Əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланыңыз.
немесе
Егер сіз шақырып отырған факс нөмірі үшін нөмірді тез теру жазбасы белгіленген болса,
Phone Book (Телефон кітабы) батырмасын басыңыз, нөмірді тез теру жазбасын көрсету үшін
əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
3. OK басыңыз.
4. Нөмірлерді теруді жалғастыру үшін 2- жəне 3-қадамдарды қайталаңыз.
немесе
Егер нөмірлерді теруді бітірсеңіз, келесі қадамға өтіңіз.
5. Start Fax (Факсты бастау) басыңыз. Егер сіз жібергіңіз келетін беттер құжаттарды автоматты
түрде беру
құрылғысында (ADF) болса, факс жіберу автоматты түрде басталады.
6. Егер өнімнің ADF датчигі ADF кіру науасында құжат жоқтығын анықтаса, мына хабар шығады:
Send from glass? (Шыныдан жіберу?) 1=Yes (Иə) 2=No (Жоқ) басқару панелінің
дисплейінде пайда болады. Планшетті сканерден факс жіберу үшін 1 батырмасын басып
Yes (Иə) таңдаңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
Мына бетті жүктеңіз: X Басқару панелінің дисплейінде «Press OK» (ОК
басыңыз) деген
хабарлама пайда болады.
7. Егер сіз құжатты планшетті сканерге қойған болсаңыз, OK батырмасын басыңыз (немесе
құжатты планшетті сканерге қойып, сонан соң OK батырмасын басыңыз).
Бетті сканерлеп болған соң, Another page? (Келесі бет?) 1=Yes (Иə) 2=No (Жоқ) басқару
панелінің дисплейінде пайда болады.
8. Егер сізде сканерлейтін басқа беттер болса, 1 батырмасын басып Yes (Иə) таңдаңыз
, сонан
соң факс тапсырмасының əрбір беті үшін 3-қадамды қайталаңыз.
немесе
Егер бітірсеңіз, 2 батырмасын басып No (Жоқ) таңдаңыз.
Өнім факсті əрбір факс нөміріне жібереді. Егер топтағы нөмір бос емес болса немесе жауап
бермесе, өнім сол нөмірді қайта теру параметріне негізделіп қайта тереді. Егер барлық қайта теру
əрекеттері сəтсіз аяқталса, өнім факс
жұмыстарын тіркеу журналына қатені қосып жаңартады,
сонан соң ол топтағы келесі нөмірге өтеді.
Қолмен нөмірді қайта теріңіз
1. Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының (ADF) кіру науасына немесе
планшетті сканерге салыңыз.
2. Басқару панелінде Redial (Нөмірді қайта теру) батырмасын басыңыз.
158 Бап 10 Факс KKWW