HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Екі жақты түпнұсқаны факспен жіберіңіз
Екі жақты құжатты факспен жіберу үшін сканер шынысын пайдаланыңыз. Планшетті сканерден
факс жіберіңіз 154-бетте қараңыз.
Нөмірді қолмен теру арқылы факс жіберу
Əдетте, өнім сіз Start Fax (Факсты бастау) батырмасын басқан соң нөмірді тереді. Дегенмен, кей
кездері, сіз əрбір басуыңызда өнімнің əрбір нөмірді теруін қалауыңыз мүмкін. Мысалы, сіз факс
шақыруын телефон карточкасы арқылы орындасаңыз, факс нөмірін теру, телефон
компаниясының қабылдау сигналын күту, сонан соң телефон карточкасының нөмірін теру қажет
болуы мүмкін. Халықаралық нөмірлерді тергенде нөмірдің бір
бөлігін теріп, жалғастырудан бұрын
байланысқа дайын болу сигналын күту қажет болуы мүмкін.
Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысымен (ADF) нөмірді қолмен теріңіз
1. Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының (ADF) кіру науасына салыңыз.
2. Басқару панелінде Start Fax (Факсты бастау) батырмасын басыңыз.
3. Нөмір теруді бастаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сіз əрбір цифрды басу арқылы өнім нөмірді тереді. Мұндай жағдайда нөмір
теруді жалғастырудан бұрын сіз үзілістерді, байланысқа дайын болу сигналдарын,
халықаралық кіру сигналдарын немесе телефон карточкасын қабылдау сигналдарын күте
аласыз.
Планшетті сканермен нөмірді қолмен теріңіз
1. Басқару панелінде Start Fax (Факсты бастау) батырмасын басыңыз.
Басқару панелінің дисплейінде мынадай хабар көрінеді: Send from glass? (Шыныдан
жіберу?) 1=Yes (Иə) 2=No (Жоқ).
2. 1 батырмасын басып Yes (Иə) таңдаңыз. Басқару панелінің дисплейінде мынадай хабар
көрінеді: Load page: (Қағазды салыңыз:) X Press (Х Басу) OK, батырмасын басыңыз,
мұндағы X бет нөмірі.
3. Парақтың басып шығару жағын төменге
қаратып планшетті сканерге қойып жəне OK
батырмасын басып бетті жадқа сканерлеңіз. Бетті сканерлегеннен кейін басқару панелінің
дисплейінде мынадай хабар көрінеді: Another page? (Келесі бет?) 1=Yes (Иə) 2=No
(Жоқ).
4. Егер сізде сканерлейтін басқа беттер болса, 1 батырмасын басып Yes (Иə) таңдаңыз, сонан
соң факс тапсырмасының əрбір беті үшін 3-қадамды қайталаңыз.
–немесе–
Егер бітірсеңіз, 2
батырмасын басып No (Жоқ) таңдаңыз, сонан соң келесі қадамға өтіңіз.
5. Барлық беттерді жадқа сканерлеп болған соң нөмір теруді бастаңыз. Сіз əрбір цифрды басу
арқылы өнім нөмірді тереді. Мұндай жағдайда нөмір теруді жалғастырудан бұрын сіз
үзілістерді, байланысқа дайын болу сигналдарын, халықаралық кіру сигналдарын немесе
телефон карточкасын қабылдау сигналдарын күте аласыз.
KKWW Факсті пайдаланыңыз 157