HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
ЕСКЕРТУ: Өнімнің зақымдалуын болдырмау үшін түпнұсқада түзету лентасы, түзету
сұйықтығы, қағаз қыстырғыштар немесе қапсырмалар болмауы тиіс. Сонымен қатар құжаттарды
автоматты түрде беру құрылғысына фотосуреттерді, кішкентай түпнұсқаларды немесе сынғыш
түпнұсқаларды салмаңыз. Оларды сканерлеу үшін планшетті шыныны пайдаланыңыз.
1. Түпнұсқалар жиынтығының жоғарғы шетін құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының
кіру науасына салыңыз, баспа құралдарының беті жоғарыға қарап тұруы тиіс жəне
көшірілетін бірінші бет жиынтықтың жоғарғы жағында болуы тиіс.
Егер баспа құралдары Хат немесе А4 пішімінен ұзынырақ болса, баспа құралдарын ұстап
тұру үшін құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының кіру науасының ұзартқышын
тартып шығарыңыз.
2. Жиынтықты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысына салып, тірелгенше итеріңіз.
Document loaded (Құжат салынды) хабары басқару панелінің дисплейінде көрінеді.
3. Баспа құралдарының бағдарлаушы құрылғыларын олар баспа құралдарымен толық
түйіскенше реттеңіз.
4. Нөмірді теру үшін басқару панеліндегі əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланыңыз.
–немесе–
Егер сіз шақыратын факс нөмірі үшін бір рет басылатын батырма анықталған болса, сол
батырманы басыңыз.
–немесе–
Егер сіз шақыратын факс нөмірі үшін нөмірді тез теру немесе нөмірлер тобын теру жазбасы
болса, Phone Book (Телефон кітабы) батырмасын басыңыз, нөмірді тез теру немесе
нөмірлер
тобын теру жазбасын көрсету үшін əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. Басқару панелінде Start Fax (Факсты бастау) батырмасын басыңыз. Өнім факс тапсырмасын
орындауды бастайды.
156 Бап 10 Факс KKWW