HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
DSL (Цифрлық абоненттік желі)
Цифрлық абоненттік желі (DSL) стандартты мыстан жасалған телефон сымдарын пайдаланатын
цифрлық технологияны пайдаланады. Бұл өнім цифрлық сигналдармен тура үйлеспейді. Бірақ,
цифрлық абоненттік желіні орнату кезінде конфигурация анықталған болса, жиілік диапазонының
бір бөлігін аналогтық сигналды (дауыс пен факс үшін) жіберуге, ал қалған бөлігін цифрлық
мəліметтерді жіберуге болатындай етіп сигналды бөлуге болады.
ЕСКЕРІМ: Цифрлық абоненттік желі қызметтеріне факстердің барлығы сəйкес келе бермеуі
мүмкін. HP компаниясы өнімнің барлық DSL абоненттік желілерімен немесе қызмет
көрсетушілерімен үйлесімділігіне кепілдік бермейді.
DSL модемі үшін жоғары жиіліктердің фильтрі қажет. Əдетте қызмет көрсетуші қалыпты телефон
желісі үшін төменгі жиіліктердің фильтрін қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат немесе көмек алу үшін DSL қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
PBX (Жеке пайдалануға арналған телефон жүйесі)
Өнім цифрлық телефон жабдықтарының барлығымен үйлесе бермейтін аналогтық құрылғы
болып табылады. Факс функциясы үшін цифрлық-аналогтық фильтрлер немесе түрлендіргіштер
қажет болуы мүмкін. Егер жеке пайдалануға арналған телефон жүйесінде факсті пайдалану
қажеттілігі пайда болса, көмек алу үшін жеке пайдалануға арналған телефон жүйесінің қызмет
көрсетушісіне хабарласыңыз. HP компаниясы өнімнің цифрлық жабдықтармен немесе цифрлық-
аналогтық түрлендіргіштермен үйлесімділігіне
кепілдік бермейді.
Қосымша ақпарат немесе көмек алу үшін жеке пайдалануға арналған телефон жүйесінің қызмет
көрсетушісіне хабарласыңыз.
ISDN (Кешенді қызметтер көрсететін цифрлық желі)
Қосымша ақпарат немесе көмек алу үшін кешенді қызметтер көрсететін цифрлық желінің қызмет
көрсетушісіне хабарласыңыз.
VoIP (IP протоколы бойынша дауыстық трафикті беру)
Егер қызмет көрсетуші IP қызметтерімен қатар факс қызметтерін көрсету туралы анық
мəлімдемесе, IP протоколы бойынша дауыстық трафикті беру (VoIP) қызметтері көбінесе факс
машиналарымен үйлеспейді.
Егер өнімдегі факстің IP протоколы бойынша дауыстық трафикті беру желісінде жұмыс істеуі
кезінде проблемалар болса, барлық кабельдердің жəне параметрлердің дұрыстығын тексеріңіз.
Факс жылдамдығының параметрін азайту өнімнің IP протоколы бойынша дауыстық трафикті беру
желісі арқылы
факс жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Егер факс жіберу проблемалары жойылмаса, IP протоколы бойынша дауыстық трафикті беру
бойынша қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
Факсті жіберіңіз
Планшетті сканерден факс жіберіңіз
1. Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысында (ADF) баспа құралдарының жоқтығын
тексеріңіз.
2. Планшетті сканердің қақпағын көтеріңіз.
154 Бап 10 Факс KKWW