HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Орындалуын күтіп тұрған факс тапсырмасын тоқтатыңыз
Бұл процедураны факс тапсырмасын мынадай жағдайларда тоқтату үшін пайдаланыңыз:
●
Бос емес сигналынан, жауапсыз шақырудан немесе байланыс қатесінен кейін өнім нөмірді
қайта теруді күтіп тұр.
●
Факс алдағы уақытта жіберілетін етіп жоспарланған.
Fax Job status (Факс тапсырмасының күй-жайы) мəзірін пайдаланып факс тапсырмасын тоқтату
үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. OK батырмасын басып Fax Job (Факс тапсырмасының жағдайы) таңдаңыз.
3. Жойғыңыз келетін тапсырмаға жеткенше бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланып
орындалуға кезекте тұрған тапсырмалар бойынша тізімі бойынша жылжыңыз.
4. Тоқтатқыңыз келетін тапсырманы таңдау үшін OK батырмасын таңдаңыз.
5. Тапсырманы тоқтатуды растау үшін OK батырмасын басыңыз.
Факстерді жадтан өшіріңіз
Басқа біреу сіздің өніміңізді пайдаланып, оның жадында сақталған факстерді қайта басып
шығаруы мүмкін деп алаңдасаңыз ғана осы процедураны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қайта басып шығару жадын тазалаумен қатар бұл процедура жіберіліп жатқан
факсті, жіберілмеген, бірақ кезекте тұрған факстерді, алдағы уақытта жіберуге жоспарланған
факстерді жəне басып шығарылмаған немесе жіберілмеген факстерді жояды.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) функциялары таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
3. Clear saved faxes (Сақталған факстерді жою) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. Жоюды растау үшін OK батырмасын басыңыз.
Факсті DSL, PBX, ISDN немесе VoIP жүйесінде пайдаланыңыз
HP өнімдері əдеттегі аналогтық телефон қызметтерімен бірге пайдалануға арналып жасалған.
Олар DSL, PBX, ISDN желілерінде жұмыс істеуге арналып жасалмаған немесе VoIP
қызметтерімен сəйкес келмейді, бірақ олар дұрыс реттеу мен жабдықдар қамтамасыз етілген
жағдайда жұмыс істеуі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы DSL, PBX, ISDN жəне VoIP реттеу опцияларын қызмет көрсетушімен
талқылап көруді ұсынады.
HP LaserJet өнімі цифрлық телефон жабдықтарының барлығымен үйлесе бермейтін аналогтық
құрылғы болып табылады (цифрлық-аналогтық түрлендіргіш пайдаланылмаса). HP компаниясы
өнімнің цифрлық жабдықтармен немесе цифрлық-аналогтық түрлендіргіштермен үйлесімділігіне
кепілдік бермейді.
KKWW Факсті пайдаланыңыз 153