HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Факсті пайдаланыңыз
Факстің бағдарламалық құралдары
Сəйкес келетін факс бағдарламалары
Өніммен қосылып келетін компьютерлік факс бағдарламасы ғана өніммен жұмыс істеуге
жарамды болады. Компьютерде бұрынырақ орнатылған компьютерлік факс бағдарламасын
пайдалануды жалғастыру үшін оны компьютерге алдын ала қосылған модем арқылы пайдалану
қажет; ол өнімнің модемі арқылы жұмыс істемейді.
Пайдалануға болатын титул бетінің үлгілері
HP LaserJet факс жіберу бағдарламасында бизнес факстерге жəне жеке факстерге арналған
титул беттерінің үлгілері бар.
ЕСКЕРІМ: Титул бетінің үлгілерін өзгерту мүмкін емес. Үлгілердің ішіндегі жолдарды түзетуге
болады, ал үлгілердің өздері тұрақты формалар болып табылады.
Факстің титул бетін нақты талаптарға жауап беретіндей етіп өзгертіңіз
1. HP LaserJet факс жіберу бағдарламасын ашыңыз.
2. Fax To (Факс жіберу (кімге) бөлімінде алушының факс нөмірін, атын жəне компаниясын
көрсетіңіз.
3. Resolution (Ажыратымдылық) бөлімінде ажыратымдылық параметрін таңдаңыз.
4. Include With Fax (Факске қосу) бөлімінде Cover Page (Титул беті) опциясын таңдаңыз.
5. Notes (Ескертулер) жəне Subject (Тақырып) мəтін терезелерінде қосымша мəліметтерді
қосыңыз.
6. Cover Page Template (Титул бетінің үлгісі) ашылатын терезесінде үлгіні
таңдаңыз, сонан соң
Құжат науасындағы беттер (Құжат науасындағы беттер) опциясын таңдаңыз.
7. Мыналардың бірін орындаңыз:
Титул бетін алдын ала көрмей факсті жіберу үшін Send Now (Қазір жіберу) батырмасын
басыңыз.
Факсті жіберуден алдын титул бетін көру үшін Preview (Алдын ала көру) батырмасын
басыңыз.
Факсті тоқтату
Ағымдағы уақытта нөмірі теріліп жатқан жеке факсті немесе беріліп немесе қабылданып жатқан
жеке факсті тоқтату үшін осы нұсқауларды пайдаланыңыз.
Ағымдағы факсті тоқтатыңыз
Басқару панеліндегі Cancel (Тоқтату) батырмасын басыңыз. Əлі берілмеген беттер тоқтатылады.
Сонымен қатар Cancel (Тоқтату) батырмасын басу нөмірлер тобын теру тапсырмаларын
тоқтатады.
152 Бап 10 Факс KKWW