HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

4. Stamp faxes (Факстерге штамп басу) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. On (Қосу) немесе Off (Ажырату) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң таңдауды сақтау үшін OK батырмасын басыңыз.
Факс нөмірлерін бұғаттау жəне бұғаттауды жою
Егер сіз белгілі бір адамдардан немесе мекемелерден факс алғыңыз келмесе, сіз басқару панелі
арқылы 30 факс нөміріне шейін бұғаттап қоя аласыз. Егер сіз факс нөмірін бұғаттап қойсаңыз
жəне сол нөмірден сізге факс жіберсе, басқару панелінің дисплейі нөмірдің бұғатталғанын
көрсетеді, факс басып шығарылмайды жəне факс жадта сақталмайды. Бұғатталған факс
нөмірлерінен келген факстер факс жұмыстарын тіркеу
журналында «керексіз» белгісімен
көрсетіледі. Сіз бұғатталған факс нөмірлері үшін бұғаттауды біртіндеп немесе бір мезгілде
барлық нөмірлер үшін жоя аласыз.
ЕСКЕРІМ: Бұғатталған факсті жіберушіге факстің қабылданбағаны туралы мəлімет берілмейді.
Сіз бұғаттаған нөмірлер тізімін немесе факс жұмыстарын тіркеу журналын басып шығару үшін
Факстің жеке есептерін басып шығарыңыз 172-бетте қараңыз.
Басқару панелінің көмегімен факс нөмірлерін бұғаттау немесе бұғаттауды жою үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Recv. (Факс қабылдау) орнату таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. Block faxes (Факстерді
бұғаттау) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. Факс нөмірін бұғаттау үшін, Add entry (Жазба қосу) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз. Факс нөмірін тақырыпта
көрсетілгендей түрде енгізіңіз (бос орындарды ескеріп), сонан соң OK батырмасын басыңыз.
Бұғатталған нөмір үшін ат енгізіңіз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
Факс нөмірін бұғаттау үшін, Delete entry (Жазбаны жою) опциясын таңдау үшін бағыт
көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз. Жойғыңыз
келетін факс нөмірін таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң
жоюды растау үшін OK батырмасын басыңыз.
немесе
Бұғатталған барлық факс нөмірлері үшін бұғаттауды жою үшін, Clear all
(Барлығын жою)
опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз. Жоюларды растау үшін OK батырмасын қайта басыңыз.
Факстерді қабылдау үшін қосымша телефонды қамтамасыз етіңіз
Осы параметр қосылғанда, телефон пернетақтасында 1-2-3 сандарын кезекпен басып кіруші
факс шақыруына жауап беру үшін өнімге сигнал бере аласыз. Стандарттық берілетін мəні On
(Қосу). Нөмірді импульстік теруді пайдалансаңыз немесе 1-2-3 тізбегін пайдаланатын телефон
150 Бап 10 Факс KKWW