HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Кіруші факстер үшін автоматты түрде кішірейту функциясын пайдаланыңыз
Егер бет өлшемдері бойынша масштабтау опциясы қосылған болса, стандартты қағаз өлшеміне
сəйкестендіру үшін өнім ұзын факстерді автоматты түрде 75%-ға шейін кішірейтеді (мысалы, факс
стандарт пішімінен хат пішіміне кішірейтіледі).
Егер бет өлшемдері бойынша масштабтау опциясы ажыратылған болса, ұзын факстер толық
өлшеммен бірнеше беттерде басып шығарылады. Кіруші факстің автоматты түрде кішірейту
функциясы үшін зауыттық стандартты
мəні: On (Қосу).
Егер қабылданған факстерді штамптау опциясы қосылған болса, автоматты түрде кішірейту
функциясын қосуды да қалауыңыз мүмкін. Бұл кіруші факстердің өлшемін аз ғана кішірейтеді
жəне штампты екі бетке салуды болдырмайды.
ЕСКЕРІМ: Баспа құралдарының стандартты өлшемі науаға салынған баспа құралдарының
өлшемімен сəйкес келетінін тексеріңіз.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Recv. (Факс қабылдау) орнату таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. Fit to page (Бет өлшемдері бойынша масштабтау) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз
.
5. On (Қосу) немесе Off (Ажырату) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң таңдауды сақтау үшін OK батырмасын басыңыз.
Факс шақыруын табу режимін орнатыңыз
Бұл параметр факс берілімдері кезінде факс сигналын шығармайтын ескі үлгідегі факс
машиналарынан факстерді қабылдауды немесе қабылдамауды реттейді. Осы басылым шыққан
кезде факс сигналын шығармайтын үлгідегі факс машиналарының саны өте аз болатын.
Стандарттық берілетін мəні Off (Ажырату). Факс шақыруын табу режимінің параметрін егер сіз
əрдайым ескі үлгідегі факс машинасын пайдаланатын адамнан факс алатын
болсаңыз ғана
өзгертуге болады.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Recv. (Факс қабылдау) орнату таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. Silence Detect (Факс шақыруын табу) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң
OK батырмасын басыңыз.
5. On (Қосу) немесе Off (Ажырату) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң таңдауды сақтау үшін OK батырмасын басыңыз.
148 Бап 10 Факс KKWW