HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Басқару панелінің дисплейі сіз орнатқан жауап беру режимінің параметрін көрсетеді.
Факс жіберуді орнатыңыз
Өніміңізді келген факстерді басқа факс нөміріне жіберетін етіп орнатуға болады. Факс өніміңізге
келгенде ол жадта сақталады. Сонан соң өнім сіз көрсеткен факс нөмірін тереді жəне факсті
жібереді. Егер қате болғандықтан (мысалы, нөмір бос емес) өнім факсті жібере алмаса жəне
нөмірді қайта теру əрекеттері нəтиже бермесе, сіздің өніміңіз факсті басып шығарады.
Егер факс
қабылдау кезінде өнімнің жады жеткіліксіз болса, ол кіруші факсті тоқтатады жəне
жадында сақталған беттерді жəне толық емес беттерді ғана жібереді.
Факс жіберу функциясы пайдаланылса, өнім (компьютер емес) факстерді қабылдауы тиіс жəне
жауап беру режимі Automatic (Aвтоматты) жағдайға қойылуы тиіс.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Recv. (Факс қабылдау) орнату таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. Forward fax (Факс жіберу) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. On (Қосу) немесе Off (Ажырату) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
6. Егер сіз факс жіберу функциясын қоссаңыз, факс жіберілетін факс нөмірін көрсету үшін
əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланыңыз, сонан соң таңдауды сақтау үшін OK
батырмасын басыңыз.
Арнаулы қоңырауды орнатыңыз
Қоңырау үлгісі немесе арнаулы қоңырау қызметін кейбір жергілікті телефон компаниялары
қамтамасыз етеді. Бұл қызмет сізге бір желіде бірнеше телефон нөмірлерін пайдалану мүмкіндігін
береді. Əрбір телефон нөмірінің ерекше қоңырау үлгісі болады, сөйтіп, сіз дауыстық шақыруларға
жауап бере аласыз, ал өнім факс шақыруларына жауап бере алады.
Егер сіз телефон компаниясының қоңырау үлгісі қызметіне жазылсаңыз,
өнімді дұрыс қоңырау
үлгісіне жауап беретіндей етіп орнатуыңыз тиіс. Ерекше қоңырау үлгілері барлық елдерде/
аймақтарда бола бермейді. Сіздің елде/аймақта осы қызметтің көрсетілетінін анықтау үшін
телефон компаниясына хабарласыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сізде қоңырау үлгісі қызметі жоқ болса, жəне, егер сіз қоңырау үлгісінің
параметрлерін стандартты All Rings (Барлық қоңыраулар) опциясынан басқасына өзгертсеңіз,
өнім факстерді қабылдай алмауы мүмкін.
Параметрлер мынадай:
All Rings (Барлық қоңыраулар): Өнім телефон желісі арқылы келетін кез келген шақыруларға
жауап береді.
Single (Бір): Өнім бір-қоңырау үлгісіндегі кез келген шақыруларға жауап береді.
Double (Екі): Өнім екі-қоңырау үлгісіндегі кез келген шақыруларға жауап береді.
146 Бап 10 Факс KKWW