HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Жауап беру үшін қоңырау санын орнатыңыз
Жауап беру үшін қоңырау санын орнату немесе өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Recv. (Факс қабылдау) орнату таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын
басыңыз.
4. Rings to answer (Жауап беру үшін қоңырау саны) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. Жауап беру үшін қоңырау санын енгізу үшін əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
Жауап беру режимін орнатыңыз
Жағдайға байланысты өнімнің жауап беру режимін Automatic (Aвтоматты) немесе Manual
(Қолмен орындалатын) қойыңыз. Зауыттық стандартты мəн Automatic (Aвтоматты).
●
Automatic (Aвтоматты): Бұл жауап беру режимінде өнім кіруші шақыруларға
қоңыраулардың белгілі бір санынан кейін жауап береді немесе арнаулы факс сигналдарын
таныған соң жауап береді. Қоңыраулар санын анықтау үшін
Жауап беру үшін қоңырау санын
орнатыңыз 145-бетте қараңыз.
●
ТАМ (Автоматты жауап беру машинасы): Бұл жауап беру режимінде өнімнің желіге шығу
портына қосылған автоматты жауап беру машинасы (TAM) болады. Өнім кіруші
қоңырауларға жауап бермейді, бірақ жауап беру машинасы қоңырауға жауап бергеннен кейін
ол факс қоңырауларының сигналдарын күтеді.
●
Факс/Телефон: Бұл жауап беру режимінде өнім кіруші қоңырауға жауап береді
жəне оның
дауыстық немесе факс қоңырауы екендігін анықтайды. Егер шақыру факс шақыруы болса,
өнім шақырудан факс алады. Егер шақыру дауыстық шақыру болса, өнім кіруші дауыстық
шақыруды көрсететін естілетін қоңырау шығарады жəне сіз қосымша телефон арқылы жауап
беруіңіз қажет.
●
Manual (Қолмен орындалатын): Бұл жауап беру режимінде өнім ешқашан шақыруларға
жауап бермейді. Факс қабылдау
процесін басқару панеліндегі Start Fax (Факсты бастау)
батырмасын басып немесе сол желіге қосылған телефонды көтеріп, 1-2-3 сандарын теру
арқылы өзіңіз бастауыңыз қажет.
Жауап беру режимін орнату немесе өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Recv. (Факс
қабылдау) орнату таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. OK батырмасын басып Answer mode (Жауап беру режимі) опциясын таңдаңыз.
5. Жауап беру режимін таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң
OK батырмасын басыңыз.
KKWW Факс параметрлерін өзгертіңіз 145