HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
ЕСКЕРІМ: Осы есеп басып шығарылғаннан кейін төлем туралы барлық мəліметтер жойылады.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Reports (Есеп берулер) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан
соң OK батырмасын басыңыз.
3. Billing report (Төлем есебі) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз. Өнім мəзір параметрлерінен шығып,
есепті басып шығарады.
Факс қабылдау параметрлері
Жауап беру үшін қоңырау санын орнатыңыз немес өзгертіңіз
Жауап беру режимі Automatic (Aвтоматты) қойылса, өнімнің жауап беру үшін қоңырау саны
параметрі өнімнің кіруші шақыруға жауап беруінен бұрын телефонның қанша рет қоңырау
соғатынын анықтайды.
Егер өнім факс жəне дауыс шақыруларын қабылдайтын желіге (ортақ желіге) қосылса жəне сол
желіде автоматты түрде жауап беру машинасы да болса, жауап беру үшін қоңырау саны
параметрін реттеу
қажет болуы мүмкін. Өнімнің жауап беру үшін қоңырау саны автоматты түрде
жауап беру машинасындағы жауап беру үшін қоңырау санынан көбірек болуы тиіс. Бұл автоматты
түрде жауап беру машинасының кіруші қоңырауға жауап беруін жəне хабарды, егер ол дауыстық
шақыру болса, тіркеуін қамтамасыз етеді. Автоматты түрде жауап беру машинасы қоңырауға
жауап берген кезде, өнім
сол шақыруды тыңдап тұрады жəне ол факс сигналдарын тапса, оған
автоматты түрде жауап береді.
Жауап беру үшін стандартты қоңырау саны АҚШ пен Канада үшін беске тең, ал басқа елдер/
аймақтар үшін ол екіге тең.
Жауап беру үшін қоңырау саны параметрін пайдаланыңыз
Жауап беру үшін қоңырау санын анықтау үшін төмендегі кестені пайдаланыңыз.
Телефон желісінің түрі Ұсынылған жауап беру үшін қоңырау саны параметрі
Арнаулы факс желісі (тек қана факс шақыруларын
қабылдау)
Басқару панелінің дисплейінде көрсетілген аралықтағы
қоңырау санына қойыңыз. (Қабылданған ең аз жəне ең көп
қоңырау сандары елге/аймаққа байланысты өзгеріп
отырады.)
Екі бөлек нөмірі бар жəне қоңырау үлгісі қызметі бар бір
желі
Бір немесе екі қоңырау. (Екінші телефон нөмірі үшін сізде
автоматты жауап беру машинасы немесе компьютерлік
дауыс поштасы болса, өнімнің қоңыраулар санын
автоматты түрде жауап беру жүйесіне қарағанда
артығырақ етіп орнатыңыз. Дауыстық жəне факс
қоңырауларын айырып тану үшін арнаулы қоңырау
функциясын пайдаланыңыз.
Арнаулы қоңырауды
орнатыңыз 146-бетте қараңыз.)
Тек қана бекітілген телефоны бар ортақ желі (факс жəне
дауыстық қоңырауларын қабылдау)
Бес немесе одан да көп қоңыраулар.
Бекітілген автоматты түрде жауап беру машинасы немесе
компьютерлік дауыстық поштасы бар ортақ желі (факс
жəне дауыстық қоңырауларын қабылдау)
Автоматты түрде жауап беру машинасына немесе
компьютерлік дауыс поштасына қарағанда екі қоңырауға
артық.
144 Бап 10 Факс KKWW