HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

4. Dialing Mode (Нөмір теру режимі) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. Бағыт көрсеткіш батырмаларын Tone (Батырмамен теру) немесе Pulse (Импульстік теру)
опциясын таңдау үшін пайдаланыңыз, сонан соң осы таңдауды сақтау үшін OK батырмасын
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Нөмірді импульстік теру опциясы барлық елдерде/аймақтарда қолданыла бермейді.
Төлем кодтарын орнатыңыз
Егер төлем кодтары функциясы қосылған болса, пайдаланушыдан əрбір факс үшін төлем кодын
енгізу талап етіледі. Төлем кодының саны əрбір жіберілген факс беті үшін көбейе береді. Ол
алынған сұраудан, жіберілген факстен немесе компьютермен жүктелген факстерден басқа
барлық факс түрлерін қамтиды. Анықталмаған топ үшін немесе нөмірлер тобын теру факсі үшін
төлем код саны əрбір адреске
жіберілген сəтті факс үшін өседі. Əрбір төлем коды үшін жалпы
санды көрсететін есепті басып шығару үшін
Төлем кодының есебін басып
шығарыңыз 143-бетте қараңыз.
Төлем кодының параметрі үшін зауыттық стандартты мəн мынадай: Off (Ажырату). Төлем коды
1-ден 250-ге дейінгі кез келген сан бола алады.
Төлем кодының параметрін орнатыңыз
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Send (Факсты жіберу) таңдау үшін
бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. Billing codes (Төлем кодтары) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. On (Қосу) немесе Off (Ажырату) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
Төлем кодтарын пайдаланыңыз
1. Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының (ADF) кіру науасына
немесе
планшетті сканерге салыңыз.
2. Басқару панелінде нөмірді тез теру немесе нөмірлер тобын теру жазбалары арқылы
телефон нөмірін қолмен енгізіңіз.
3. Start Fax (Факсты бастау) батырмасын басыңыз.
4. Төлем кодын енгізіңіз, сонан соң Start Fax (Факсты бастау) батырмасын басыңыз.
Факс тапсырмасы жіберіледі жəне төлем есебінде тіркеледі. Төлем кодының есебін басып шығару
туралы ақпаратты
Төлем кодының есебін басып шығарыңыз 143-бетте қараңыз.
Төлем кодының есебін басып шығарыңыз
Төлем код есебі - бұл барлық факс төлем кодтарының жəне əрбір код үшін есептелген факстердің
жалпы санының басып шығарылған тізімі.
KKWW Факс параметрлерін өзгертіңіз 143