HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Ашық/қара жəне ажыратымдылықты орнатыңыз
Стандартты ашық/қара (контраст) параметрін орнатыңыз
Контраст жіберіліп жатқан факстің ашықтығы мен қараңғылығына əсер етеді.
Стандартты ашық/қара параметр бұл əдетте факспен жіберіліп жатқан элементтерге
қолданылатын контраст. Стандартты мəн ретінде реттеуіш орташа жағдайға қойылады.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Send (Факсты жіберу) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіш батырмаларын Def. Light/dark (Ашық/қара анықтау) опциясын таңдау үшін
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. Түпнұсқаға қарағанда факсті ашығырақ ету үшін реттеуішті солға жылжыту үшін <
батырмасын пайдаланыңыз немесе түпнұсқаға қарағанда факсті қаралау
ету үшін реттеуішті
оңға жылжыту үшін > батырмасын пайдаланыңыз.
6. Таңдауды сақтау үшін OK батырмасын басыңыз.
Ажыратымдылық параметрлерін орнатыңыз
ЕСКЕРІМ: Ажыратымдылықты арттыру факс өлшемін үлкейтеді. Үлкен факстер жіберу уақытын
көбейтеді жəне өнімнің жадынан асып кетуі мүмкін.
Зауытта стандартты Fine (Жоғары) ажыратымдылық орнатылады.
Барлық факс тапсырмалары үшін стандартты ажыратымдылықты мына параметрлердің біріне
өзгерту үшін осы əрекетті орындаңыз:
Standard (Стандарт): Бұл параметр ең төменгі сапа мен ең жылдам жіберуді қамтамасыз
етеді.
Fine (Жоғары): Бұл параметр Standard (Стандарт) параметріне қарағанда жоғарылау
ажыратымдылық сапасын қамтамасыз етеді, ол əдетте мəтіндік құжаттарға арналған.
Superfine (Өте жоғары): Бұл параметр мəтін мен суреттер араласқан құжаттарға ыңғайлы.
Берілім ұзақтығы Fine (Жоғары) параметріне қарағанда ақырындау, бірақ Photo (Фото)
параметріне қарағанда жылдамырақ.
Photo (Фото): Бұл параметр ең жақсы суреттерді қамтамасыз етеді, бірақ берілім уақытын
едəуір көбейтеді.
Стандартты ажыратымдылықты орнатыңыз
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау
үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Send (Факсты жіберу) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
KKWW Факс параметрлерін өзгертіңіз 141