HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

арқылы факс нөмірін теруге болады. Нұсқаулармен танысу үшін Нөмірді қолмен теру арқылы
факс жіберу 157-бетте қараңыз.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Send (Факсты жіберу) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. Dial Prefix (Нөмір теру префиксі) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын
басыңыз.
5. On (Қосу) немесе Off (Ажырату) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
6. Егер сіз On (Қосу) таңдаған болсаңыз, префикс енгізу үшін əріптік-цифрлық батырмаларды
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз. Сандарды, үзілістерді жəне нөмір теру
символдарын пайдалануға болады.
Байланысқа дайын болу сигналын табу функциясын орнатыңыз
Əдетте өнім дереу факс нөмірін теруді бастайды. Егер сіз өнімді телефон қосылған желіде
пайдалансаңыз, байланысқа дайын болу сигналын табу параметрін қосыңыз. Бұл басқа біреу
телефонды пайдаланып жатқан кезде өнімнің факс жіберуін болдырмайды.
Байланысқа дайын болу сигналын табудың зауыттық стандартты параметрі Франция мен
Венгрия үшін On (Қосу), ал басқа барлық елдер/аймақтар үшін
Off (Ажырату).
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. Fax Send (Факсты жіберу) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
4. Detect dial tone (Байланысқа дайын болу сигналын табу) опциясын таңдау үшін бағыт
көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң
OK батырмасын басыңыз.
5. On (Қосу) немесе Off (Ажырату) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
Нөмірді автоматты түрде қайта теру функциясын орнатыңыз
Егер қабылдаушы факс машинасы жауап бермегендіктен немесе бос болмағандықтан өнім факс
жібере алмаса, бос болмағанда нөмірді қайта теру, жауап болмағанда нөмірді қайта теру жəне
байланыс қатесі болғанда нөмірді қайта теру опциялары бойынша өнім нөмірді қайта тереді. Осы
опцияларды қосу немесе ажырату үшін осы тарауда берілген процедураларды пайдаланыңыз.
KKWW Факс параметрлерін өзгертіңіз 139