HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
ЕСКЕРІМ: Нөмірді тез теру жазбасын жою сол жазбаны нөмірлер тобын теру жазбаларынан да
жояды.
Факске сұрақ жіберуді орнату
Егер басқа біреу сұрақ қабылдайтын факс орнатса, сіз факсті өніміңізге жіберуді сұрай аласыз.
(Басқа машинаға сұрақ жіберу).
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) функциялары таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
3. Polling receive (Сұрау алу) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
Өнім басқа факстің нөмірін теріп, факс жіберуді сұрайды.
Қауіпсіздік
Өнімде кілтсөз функциясы қарастырылған жəне ол негізгі функцияларды пайдалануға мүмкіндік
бере отырып көптеген параметрлерге өзгеріс енгізуді шектейді.
Құпия мəліметтері бар факстерді сіз факс жанына келіп басып шығарғанша өнімде сақтауға
болады.
Кілтсөзбен қорғау функциясын қосыңыз
Өнімнің қауіпсіздік кілтсөзін орнату үшін мынадай қадамдарды орындаңыз:
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. System setup (Жүйені орнату) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
3. Өнім кілтсөзін енгізу үшін əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
4. Өнім кілтсөзін растау үшін əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланып
кілтсөзді қайта
енгізіңіз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. Product security (Өнім қауіпсіздігі) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
6. On (Қосу) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
Құпия түрде қабылдау функциясын қосыңыз
Құпия түрде факс қабылдау функциясын іске қосудан бұрын кілтсөзбен қорғау функциясын қосу
керек.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
136 Бап 10 Факс KKWW