HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Халықаралық нөмірлерді терген кезде немесе сыртқы желіге қосылғанда үзілістер жиі қажет
болады.
Нөмір теру үзілісін енгізіңіз: # (Үзіліс) батырмасын басқару панелінің дисплейінде үтір (,)
шыққанша қайталап басыңыз, бұл үтір нөмір теру тізбегінің сол жерінде үзіліс болатынын
көрсетеді.
Теру сигналы үшін үзіліс енгізіңіз: Телефон нөмірінің қалғанын теруден бұрын өнім
байланысқа дайын
болу сигналын күту үшін * (Символдар) батырмасын басқару панелінің
дисплейінде W шыққанша қайталап басыңыз.
Байланысты ажырату сигналын енгізіңіз: Өнімнің байланысты ажыратуы үшін *
(Символдар) батырмасын басқару панелінің дисплейінде R шыққанша қайталап басыңыз.
Нөмірді тез терулерді басқарыңыз
Нөмірді тез терулерді орнату жəне түзету
1 мен 16 сандары арасындағы нөмірді тез терулер басқару панеліндегі оларға сəйкес келетін бір
рет басылатын батырмалармен де байланысқан. Бір рет басылатын батырмаларды нөмірді тез
теру немесе нөмірлер тобын теру жазбалары үшін пайдалануға болады. Бір факс нөмірі үшін
енгізілетін таңбалар саны 50-ден аспауы керек.
ЕСКЕРІМ: Нөмірді тез теру мүмкіндіктерін пайдалану үшін Shift (Ауыстыру) батырмасын
пайдаланыңыз. 9 бен 16 сандары арасындағы нөмірді тез терулерді Shift (Ауыстыру) батырмасын
жəне басқару панеліндегі сəйкес бір рет басылатын батырманы басу арқылы пайдалануға
болады.
Басқару панелінен нөмірді тез терулерді бағдарламалау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. OK батырмасын басып Phone Book (Телефон кітабы) таңдаңыз.
4. OK батырмасын басып Individual Setup (Жеке орнату) опциясын таңдаңыз.
5. OK батырмасын басып Add (Қосу
) опциясын таңдаңыз.
6. Осы факс нөмірімен байланыстырғыңыз келетін нөмірді тез теру жазбасының санын анықтау
үшін əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
1-ден 16-ға дейінгі санды таңдау факс нөмірін бір рет басылатын тиісті батырмамен
байланыстырады.
7. Ағымдағы уақытты енгізу үшін əріптік-цифрлық батырмаларды пайдаланыңыз. Үзілістерді
немесе аймақ коды, жеке пайдалануға
арналған телефон жүйесінен сырттағы нөмірлерге
арналған кіру коды (əдетте 9 немесе 0) сияқты басқа да қажет сандарды немесе алыс
аймақпен байланысу префиксін енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Факс нөмірін енгізген кезде, нөмірді теру тізбегіне үзіліс енгізгіңіз келсе, Pause
(Үзіліс) батырмасын үтір (,) көрінгенше басыңыз немесе өнімнің байланысқа дайын болу
сигналының шығуын күткенін қаласаңыз, * батырмасын W шыққанша басыңыз.
8. OK батырмасын басыңыз.
KKWW Орнату 133