HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Бағдарлама Сипаттама
Егер бірдей жазбалар кездесетін болса (біреуі Байланысу тізімінен, екіншісі жеке адрестер
кітабынан), бір жазба көрсетіледі. Бірақ, Байланысу тізімінде көшірмесі бар жазба жеке
адрестер кітабында болса жəне Байланысу тізіміндегі жазбада жұмыс жəне үй факстерінің
нөмірлері болса, барлық үш жазба да көрсетіледі.
Windows адрестер
кітабы
Outlook Express жəне Internet Explorer пайдаланатын Windows адрестер кітабы (WAB)
қарастырылған. Егер жеке адамда үй жəне жұмыс факс нөмірлері болса, екі жазба
көрсетіледі. Осы екі жазбаның «аты» өзгертіледі. «:(B)» жұмыс жазбасындағы атқа қосылады
жəне «:(H)» үй жазбасындағы атқа қосылады.
Goldmine Goldmine нұсқасы 4.0 сəйкес келеді. HP ToolboxFX соңғы рет Goldmine пайдаланған файлды
импорттайды.
Symantec Act! Act! 4.0 жəне 2000 нұсқалары сəйкес келеді. HP ToolboxFX соңғы Act! пайдаланған
мəліметтер базасын импорттайды.
Телефон кітабын импорттау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. HP ToolboxFX ашыңыз.
2. Fax (Факс) батырмасын басыңыз, сонан соң Fax Phone Book (Факс телефон кітабы)
батырмасын басыңыз.
3. Бағдарламаның телефон кітабына барыңыз, сонан соң Import (Импорттау) батырмасын
басыңыз.
Телефон кітабын жойыңыз
Өнімде бағдарламаланған нөмірді тез теру жəне нөмірлер тобын теру жазбаларының барлығын
жоюға болады.
ЕСКЕРТУ: Нөмірді тез теру жəне нөмірлер тобын теру жазбалары жойылғаннан кейін оларды
қалпына келтіру мүмкін емес.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Fax (Факс) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан соң OK
батырмасын басыңыз.
3. OK батырмасын басып Phone Book (Телефон кітабы) таңдаңыз.
4. Delete All (Барлығын жою) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. Жоюды растау үшін OK батырмасын басыңыз.
Нөмір терудің арнаулы символдары жəне опциялары
Сіз теріп отырған немесе бір рет басу батырмасына, нөмірді тез теру жазбасына немесе нөмірлер
тобын теру жазбасына бағдарламалап отырған факс нөміріне үзілістер енгізе аласыз.
132 Бап 10 Факс KKWW