HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
7. Телефонды қосу үшін телефон сымын бұдан бұрынғы құрылғының «телефон» портына
қосыңыз. Телефон сымының екінші ұшын автоматты түрде жауап беру машинасының «желі»
портына қосыңыз.
8. Қосымша құрылғыларды қосып болғаннан кейін барлық құрылғыларды өздерінің қуат
көздеріне қосыңыз.
Автоматты түрде жауап беру машинасы бар факсті орнатыңыз
●
Өнімнің жауап беру үшін қоңырау саны параметрін автоматты түрде жауап беру машинасы
үшін орнатылған қоңырау санынан кем дегенде бір қоңырауға артық етіп орнатыңыз.
●
Егер автоматты түрде жауап беру машинасы пайдаланылып отырған телефон
желісіне
қосылған болса, бірақ басқа ұя (мысалы, басқа бөлмедегі) арқылы қосылса, ол өнімнің
факстерді қабылдауына кедергі жасауы мүмкін.
Автономдық факсті орнату
1. Орауыштан шығарып, өнімді орнатыңыз.
2. Уақытты, күнді жəне факс тақырыбын орнатыңыз.
Факс параметрлерін
конфигурациялаңыз 129-бетте қараңыз.
3. Өнім жабдықтарын конфигурациялау үшін басқа параметрлерді қажетінше орнатыңыз.
Факс параметрлерін конфигурациялаңыз
Өнімнің факс параметрлерін басқару панелінен, HP ToolboxFX немесе орнатылған веб-
серверден орнатуға болады. Бастапқы орнату барысында параметрлерді конфигурациялау
үшін HP факс орнату шеберін пайдалануға болады.
Америка Құрама Штаттарында жəне көптеген басқа елдерде/аймақтарда уақытты, күнді жəне
факс тақырыбының басқа мəліметтерін орнату заң талабы болып табылады.
Факс уақытын, күнін жəне тақырыбын орнату үшін басқару панелін
пайдаланыңыз
Басқару панелін күнді, уақытты жəне тақырыпты орнату үшін пайдалану үшін мынадай
қадамдарды орындаңыз:
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. System setup (Жүйені орнату) таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз,
сонан соң OK батырмасын басыңыз.
3. Time/Date (Уақыт/күн) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз.
OK батырмасын басыңыз.
KKWW Орнату 129