HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

4. Компьютердегі ішкі немесе сыртқы модемді қосу үшін телефон сымының бір ұшын өнімнің
«телефон» портына () қосыңыз.
Телефон сымының екінші ұшын модемнің «желі»
портына қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдерде арнаулы дауыс желісіне қосатын екінші «желі» порты
болады. Егер сізде екі «желі» порты болса, дұрыс «желі» портына қосуды қамтамасыз ету
үшін модем құжаттарын қараңыз.
5. Шақырушы абоненттің идентификаторы блогын қосу үшін телефон сымын бұдан бұрынғы
құрылғының «телефон» портына қосыңыз. Телефон сымының екінші ұшын шақырушы
абоненттің идентификаторы блогының «желі» портына қосыңыз.
6. Автоматты түрде жауап беру машинасын қосу үшін телефон сымын бұдан бұрынғы
құрылғының «телефон» портына қосыңыз. Телефон сымының екінші ұшын автоматты түрде
жауап беру машинасының «желі» портына қосыңыз.
128 Бап 10 Факс KKWW