HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Орнату
Аппараттық құралдарды орнатыңыз жəне қосыңыз
Телефон желісіне қосыңыз
Өнім аналогтық құрылғы болып табылады. НР компаниясы өнімді арнаулы аналогтық телефон
желісінде пайдалануды ұсынады. Өнімді басқа телефон жабдықтарымен бірге пайдалану туралы
ақпарат алу үшін
Факсті DSL, PBX, ISDN немесе VoIP жүйесінде пайдаланыңыз 153-бетте
қараңыз.
Қосымша құрылғыларды қосыңыз
Өнімде екі факс порты бар:
Өнімді қабырғадағы телефон ұясына қосатын «желіге қосу» порты (
).
Қосымша құрылғыларды өнімге қосатын «телефон» порты (
).
Өніммен қосылып пайдаланылатын телефондарды екі əдіспен пайдалануға болады:
Қосымша телефон - бұл басқа жерде сол телефон желісіне қосылған телефон.
Төменгі жақтағы телефон - бұл өнімге немесе өнімге қосылған құрылғыға қосылған телефон.
Қосымша құрылғыларды келесі қадамдарда сипатталған тəртіппен қосыңыз. Əрбір құрылғының
шығу порты келесі құрылғының кіру портына жалғанып, «тізбек» құрады. Егер сіз белгілі
бір
құрылғыны қосқыңыз келмесе, оны түсіндіретін қадамды тастап кетіп, келесі құрылғыға өтіп
жалғастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Телефон желісіне қосылатын құрылғылардың саны үштен артық болмауы керек.
ЕСКЕРІМ: Бұл өнімде дауыс поштасы қарастырылмаған.
1. Қосқыңыз келетін барлық құрылғылардың кабельдерін қуат көзінен ажыратыңыз.
2. Егер өнім əлі телефон желісіне қосылмаған болса, əрекет етуден бұрын алғашқы іске қосу
жөніндегі нұсқаулықты қараңыз. Өнім телефон ұясына алдын ала қосылған болуы тиіс.
3. «Телефон» портынан (телефон суретімен белгіленген порт) пластмасса тығынды алып
тастаңыз.
KKWW Орнату 127