HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

ЕСКЕРІМ: Егер сызаттар мен ұқсас ақаулықтар автоматты беру құрылғысынан (ADF) өткізіліп
жасалған көшірмелерде ғана болса, сканер жолын тазалаңыз (3-қадам). Сканер шынысын
тазалау қажет емес.
1. Өнімді өшіріп, қорек сымын электр розеткасынан ажыратыңыз да, қақпақты көтеріңіз.
2. Шыныны тырнамайтын шыны тазалау құралына малынған жұмсақ шүберекпен немесе
губкамен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында тырнаушы затарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды шыныға құймаңыз. Олар шыны астына төгіліп, өнімді зақымдауы мүмкін.
3. Сканер жолын шыны тазалау құралына малынған жұмсақ шүберекпен немесе губкамен
тазалаңыз.
4. Дақ түсірмес үшін, шыныны былғары немесе целлулоза губкасымен құрғатыңыз.
KKWW Сканерлеу параметрлері 121