HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Сканерлеу параметрлері
Сканерлеу файл форматы
Сканерленетін құжаттың немесе фотосуреттің файл форматы сканерлеу түріне жəне
сканерленетін нысанға байланысты.
Құжатты немесе фотосуретті компьютерге сканерлеу файлдың .TIF файл форматында
сақталуына себепші болады.
Құжатты электрондық поштаға сканерлеу файлдың .PDF файл форматында сақталуына
себепші болады.
Фотосуретті электрондық поштаға сканерлеу файлдың .JPEG файл форматында
сақталуына себепші болады.
ЕСКЕРІМ: Сканерлеу бағдарламалық құралын пайдалану арқылы түрлі файл форматтарын
таңдап алуға болады.
Сканер ажыратымдылығы мен түстері
Егер сіз сканерленген бейнені басып шығарсаңыз жəне сапасы көңіліңізден шықпаса, ол
сканерлеу бағдарламалық құралында қажеттеліктеріңізге сəйкес емес ажыратымдылық мен
түстер параметрлерінің таңдалу себебі болуы мүмкін. Ажыратымдылық мен түстер сканерленген
бейненің келесідей мүмкіндіктеріне əсер етеді:
Бейне тазалығына
Шəкіл құрылымына (тегіс немесе бұдырлы)
Сканерлеу уақытына
Файл өлшеміне
Сканерлеу ажыратымдылығын өлшеу бірлігі болып пиксель/дюйм
(п/д) табылады.
ЕСКЕРІМ: Сканерлеудің д/п деңгейі баспаның н/д (нүкте/дюйм) өлшем бірлігіне сəйкес келейді.
Түс, сұр шəкілі жəне ақ ықтимал түстер санын анықтайды. Сіз сканер аппараттық құралының
ажыратымдылығын 1 200 п/д дейін реттей аласыз. Бағдарламалық құрал 19 200 п/д дейін
жақсартылған ажыратымдылықты орындай алады. Сіз түс пен сұр шəкілін 1 бит (ақ-қара) немесе
8 бит (сұрдың немесе түстінің 256 деңгейі) 24 битке (шынайы түстер) дейін баптай аласыз.
Ажыратымдылық пен түстер бойынша
нұсқаулықтар кестесінің тізімі өзіңіздің сканерлеу бойынша
қажеттіліктеріңізге қол жеткізу бойынша аздап көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Ажыратымдылық пен түстерді жоғары мəндерге баптау нəтижесінде дискіде көп
орын алып, сканерлеу процессін баяулататын үлкен көлемді файлдардың құрылуына себепші
болады. Ажыратымдылық пен түстерді баптамас бұрын сканерленген бейнені қалай
пайдаланатындығыңызды анықтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Түсті жəне сұр шəкіліндегі бейнелердің ең жақсы ажыратымдылығы автоматты беру
құрылғысынан (ADF) гөрі, планшетті сканерде сканерлеумен қамтамасыз етіледі.
KKWW Сканерлеу параметрлері 119