HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Басқа бағдарламалық құралды пайдалана отырып сканерлеу
Өнім TWAIN-үйлесімді жəне Windows Imaging Application (WIA)-үйлесімді болып табылады.
Өнім TWAIN-үйлесімді немесе WIA-үйлесімді сканерлеу құрылғыларын қолдайтын Windows
жүйесіне негізделген бағдарламалармен жəне TWAIN-үйлесімді сканерлеу құрылғыларын
қолдайтын Macintosh жүйесіне негізделген бағдарламалармен жұмыс істейді.
Сіз TWAIN-үйлесімді немесе WIA-үйлесімді бағдарламаларында болғанда сіз тікелей ашық
тұрған бағдарламадан сканерлеу мүмкіндіктеріне қол жеткізіп, бейнелерді сканерлей аласыз.
Көбірек ақпаратты алу үшін Анықтама файлын немесе біздің
TWAIN-үйлесімді немесе WIA-
үйлесімді бағдарламалық құралмен бірге жеткізілетін құжаттаманы қараңыз.
TWAIN-үйлесімді бағдарламалық құралдан сканерлеу
Негізінен, бағдарламалық құралда Acquire (Қабылдау) File Acquire (Файлды қабылдау), Scan
(Сканерлеу), Import New Object (Жаңа нысанды импорттау), Insert from (Ішінен енгізу) немесе
Scanner (Сканер) сияқты бағдарламалары болған жағдайда TWAIN-үйлесімді болып табылады.
Бағдарламаның үйлесімді болуына сенімсіз болсаңыз немесе комманданың қалай
аталатындығын білмесеңіз, бағдарламалық
құрал Анықтамасын немесе құжаттамасын қараңыз.
TWAIN-үйлесімді бағдарламадан сканерлеу барысында HP LaserJet Scan бағдарламалық құралы
автоматты іске қосылуы мүмкін. HP LaserJet Scan бағдарламалық құралы іске қосылса, сіз
бейнені алдын ала көру барысында өзгертулер енгізе аласыз. Бағдарлама автоматты іске
қосылмаған жағдайда бейне бірден TWAIN-үйлесімді бағдарламаға жіберіледі.
Сканерлеуді TWAIN-үйлесімді бағдарламадан бастау. Бағдарламалық құрал Анықтамасын
немесе құжаттамасынан командалар мен пайдалану əдістері туралы
қараңыз.
WIA-үйлесімді бағдарламадан (Windows XP жəне Vista жүйелерінде ғана) бастау
WIA бейнені Microsoft Word сияқты бағдарламалық құралдарға тікелей сканерлеудің тағы бір
жолы. WIA сканерлеу үшін HP LaserJet Scan бағдарламалық құралының орнына Microsoft
бағдарламалық құралын пайдалананды.
Негізінен, бағдарламалық құралдың Енгізу немесе Файл мəзірінде Picture/From Scanner or
Camera (Бейне/Сканерден немесе Камерадан) сияқты бағдарламалары болған жағдайда WIA-
үйлесімді болып табылады. Бағдарламаның WIA-үйлесімді болуына сенімсіз болсаңыз
бағдарламалық құрал Анықтамасын
немесе құжаттамасын қараңыз.
Сканерлеуді WIA-үйлесімді бағдарламадан бастау. Бағдарламалық құрал Анықтамасын немесе
құжаттамасынан командалар мен пайдалану əдістері туралы қараңыз.
-Немесе-
Камералар жəне Сканер папкасында өнім белгішесін екі рет басыңыз. Ол сізге файлға сканерлеу
мүмкіндігін беретін стандартты Microsoft WIA шеберін ашады.
оптикалық таңба тану (OCR) бағдарламалық құралын пайдалану арқылы
сканерлеу
Сіз сканерленген мəтінді түзету үшін қалаулы мəтін өңдеу бағдарламасына үшінші тараптың OCR
бағдарламалық құралын пайдалана аласыз.
KKWW Сканерлеуді пайдалану 115