HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Стандартты ашықтау/қоюлау параметрлерін реттеу
ЕСКЕРІМ: Стандартты ашықтық/қоюлық параметрлері барлық көшірменің ашықтығына немесе
қоюлығына əсер етеді.
1. Өнімнің басқару панелінде Setup (Орнату) басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Copy setup (Көшірме орнату) таңдау үшін пайдаланып,
одан кейін OK басыңыз.
3. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Def. Light/dark (Стандарты Ашықтық/қоюлық) таңдау үшін
пайдаланып, одан кейін OK басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіш батырмаларды параметрлерді реттеу үшін пайдаланыңыз. Көшірменің
барлығын түпнұсқадан ашығырақ ету үшін сырғытпаны солға қарай жылжытыңыз
немесе
көшірменің барлығын түпнұсқадан қоюрақ ету үшін сырғытпаны оңға қарай жылжытыңыз.
5. Таңдауыңызды сақтау үшін OK басыңыз.
Көшірме жобасы параметрлерін орнату
Өнімді көшірмелерді жоба режимінде басқаруға баптау үшін басқару панелін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұл параметр көшірме сапасына ғана əсер етеді. Баспа сапасына əсер етілмейді.
1. Өнімнің басқару панелінде Setup (Орнату) басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіші батырмасын Copy setup (Көшірме орнату) таңдау үшін пайдаланып, одан
кейін OK басыңыз.
3. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Def. Copy Draft (Стандарты көшірме жобасы) таңдау үшін
пайдаланып, одан кейін OK басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіш батырмаларды On (Қосу) немесе Off (Ажырату) таңдау үшін
пайдаланыңыз.
5. Таңдауыңызды сақтау үшін OK басыңыз.
Таңдамалы көшірме параметрлерін анықтау
Сіз басқару панелінде көшірме параметрлерін өзгерткеніңізде, басқару панелінің дисплейіне
Custom settings (Таңдамалы параметрлер) шығарылады. Таңдамалы параметрлер мөлшермен
2 минут бойы белсенді болып, одан кейін өнім стандартты параметрлеріне қайтады. Стандартты
параметрлерді дереу қайтару үшін Cancel (Тоқтату) басыңыз.
Жиектен жиекке басып шығару немесе көшіру
Өнім толықтай жиектен жиекке басып шығара алмайды. Ең көп басу аумағы 203,2 x 347 мм
құрайды, беттің жан жағында 4 мм басылмаған жиек қалдырылады.
Баспа құралдарының əр түрлі түрлері мен өлшемдеріне көшіру
Өнім сатып алыну ел/аймағына байланысты хат немесе A4 өлшемді қағазға көшіруге бапталған.
Сіз ағымдағы көшіру тапсырмасына немесе барлық көшіру тапсырмаларына арнап көшіретін
баспа құралының өлшемі мен түрін өзгерте аласыз.
102 Бап 8 Көшіру KKWW