HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

2. Шыныны тырнамайтын шыны тазалау құралына малынған жұмсақ шүберекпен немесе
губкамен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында тырнаушы заттарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды шыныға құймаңыз. Олар шыны астына төгіліп, өнімді зақымдауы мүмкін.
3. Сканер жолын шыны тазалау құралына малынған жұмсақ шүберекпен немесе губкамен
тазалаңыз..
4. Дақ түсірмес үшін, шыныны былғары немесе целлулоза губкасымен құрғатыңыз.
Ашықтық/қоюлық (қарама-қарсылық) параметрлерін реттеу
Ашықтық/қоюлық параметрлері көшірменің ашықтығына немесе қоюлығына (қарама-
қарсылығына) əсер етеді. Келесі процедураларды тек ағымдағы көшірме тапсырысының қарама
қарсылығын өзгерту үшін ғана орындаңыз.
Ағымдағы көшірме тапсырысының ашықтық/қоюлық параметрлерін реттеңіз
1. Өнімнің басқару панелінде ағымдағы көшірме тапсырмасының қарама-қарсылық
параметрлерін көру үшін Lighter/Darker (Ашықтау/қоюлау) батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырманы параметрлерді реттеу
үшін пайдаланыңыз. Көшірмені
түпнұсқадан ашықтау ету үшін сырғытпаны солға қарай жылжытыңыз немесе көшірмені
түпнұсқадан қоюлау ету үшін сырғытпаны оңға қарай жылжытыңыз.
3. Таңдауыңызды сақтап, көшірме тапсырмасын орындауды бастау үшін Start Copy (Көшіруді
бастау) басыңыз немесе таңдауыңызды көшірме тапсырмасын орындауды бастамай сақтау
үшін OK басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Параметрлердегі өзгертулер көшірме тапсырмасы орындалғаннан кейін
мөлшермен 2 минут бойы белсенді болады. Бұл уақыт барысында өнімнің басқару панелінің
дисплейіне Custom settings (Таңдамалы параметрлер) шығарылады.
KKWW Көшіру параметрлері 101