HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Көшіру параметрлері
Көшіру сапасы
Көшірме сапасының төрт параметрі бар: Text (Мəтін), Mixed (Аралас), Film photo (Фотоүлдір)
жəне Picture (Сурет).
Зауыттық стандартты параметр болып Text (Мəтін) табылады. Бұл параметр көбінесе мəтіннен
тұратын нұсқалар үшін ең жақсы болып табылады.
Фотосурет немесе графика көшірмесін жасағанда сіз көшірме сапасын арттыру үшін фотосурет
үшін Film photo (Фотоүлдір) параметрін немесе өзгедей графика үшін Picture
(Сурет) параметрін
таңдай аласыз. Мəтіннен жəне графикадан тұратын құжаттар үшін Mixed (Аралас) параметрін
таңдаңыз.
Ағымдағы жұмыс үшін көшірме сапасын реттеңіз
1. Көшірменің ағымдағы сапа параметрін көру үшін өнімнің басқару панелінде Quality (Сапа)
батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырмаларды сапа параметрлері опцияларын көру үшін пайдаланыңыз.
3. Параметрді таңдап, таңдауды сақтау үшін Start Copy (Көшіруді бастау)
батырмасын басыңыз
жəне дереу көшіру тапсырмасын бастаңыз немесе тапсырманы бастамай, таңдауды сақтау
үшін OK батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Параметрлердегі өзгертулер көшірме тапсырмасы орындалғаннан кейін
мөлшермен 2 минут бойы белсенді болады. Бұл уақыт барысында өнімнің басқару панелінің
дисплейіне Custom settings (Таңдамалы параметрлер) шығарылады.
Стандартты көшірме өлшемін реттеу
1. Өнімнің басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіші батырмасын Copy setup (Көшірме орнату)таңдау үшін пайдаланып, одан
кейін OK басыңыз.
3. Бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланып Default quality (Стандартты сапа) таңдаңыз да,
OK батырмасын басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіші батырмаларын көшірме сапасын таңдау үшін пайдаланыңыз да, таңдауды
сақтау үшін OK батырмасын басыңыз
.
Сканер шынысын тазалау
Саусақ іздері, дақтар, шаш жəне сол сияқтылар түскен лас шыны сапаны төмендетіп, бетке
сəйкестендіру жəне көшіру сияқты арнайы ерекшеліктерге кері əсерін тигізеді.
ЕСКЕРІМ: Егер сызаттар мен ұқсас ақаулықтар автоматты беру құрылғысынан (ADF) өткізіліп
жасалған көшірмелерде ғана болса, сканер жолын тазалаңыз (3-адым). Сканер шынысын тазалау
қажет емес.
1. Өнімді өшіріп, қорек сымын электр розеткасынан ажыратыңыз да, қақпақты көтеріңіз.
100 Бап 8 Көшіру KKWW