HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
●
Lgl > A4=83%
●
A4 > Ltr=94%
●
Ltr > A4=97%
●
Full Page=91% (Толық бет=91%)
●
Fit to page (Бетке сəйкестендіру)
●
2 pages/sheet (2 бет/парақ)
●
4 pages/sheet (4 бет/парақ)
●
Custom: 25-400% (Таңдамалы: 25-400%)
ЕСКЕРІМ: Fit to page (Бетке сыйғызу) параметрін қолданғанда, тек планшетті сканерден ғана
көшіріңіз.
2 pages/sheet (2 бет/парақ) немесе 4 pages/sheet (4 бет/парақ) параметрін қолданғанда, тек
құжатты автоматты беру құрылғысынан ғана көшіріңіз. Оған қоса, 2 pages/sheet (2 бет/парақ)
немесе 4 pages/sheet (4 бет/парақ) опциясын таңдағанда, сіз бет бағытын (портрет немесе
ландшафт) таңдауыңыз керек.
Көшірмелерді жинақтау параметрін өзгерту
Сіз өнімді көшірмелерді автоматты жинақтауға баптай аласыз. Мысалы, егер сіз үш беттің екі
көшірмесін жасайтын болсаңыз жəне автоматты жинақтау опциясы қосылған болса, беттер келесі
кезекпен басылады: 1, 2, 3, 1, 2, 3. Автоматты жинақтау опциясы өшірілген болса, беттер келесі
кезектілікпен басылады: 1, 1, 2, 2, 3 ,3.
Автоматты жинақтау опциясын пайдалану үшін, түпнұсқа құжат өлшемі жадқа сыятындай болуы
тиіс. Болмаған жағдайда, өнім бір ғана көшірме
жасап, сізге өзгерту енгізу қажеттігі жөніндегі
ескерту хабары жіберіледі. Ондай жағдайда, тапсырманы орындау үшін келесі əдістердің бірін
пайдаланыңыз:
●
Тапсырманы бірнеше беттен тұратын кішірек тапсырмаларға бөліңіз.
●
Бір уақытта құжаттың бір ғана көшірмесін жасаңыз.
●
Автоматты жинақтау опциясын өшіріңіз.
Ағымды жұмыстың автоматты жинақтау опциясын өзгертіңіз
1. Өнімнің басқару панелінде Collate (Жинақтау) батырмасын басыңыз.
2.
Бағыт көрсеткіш батырмаларды On (Қосу) немесе Off (Ажырату) таңдау үшін
пайдаланыңыз.
3. Таңдауды сақтау үшін Start Copy (Көшіруді бастау) батырмасын басыңыз жəне дереу көшіру
тапсырмасын бастаңыз немесе тапсырманы бастамай, таңдауды сақтау үшін OK
батырмасын басыңыз.
Көшірмені жинақтау параметрін өзгерту
1. Өнімнің басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырманы Copy setup (Көшірме орнату) таңдау
үшін пайдаланып, одан
кейін OK басыңыз.
98 Бап 8 Көшіру KKWW