HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Көшірмелерді үлкейту немесе кішірейту
Ағымдағы тапсырма үшін көшірмелерді кішірейту немесе үлкейту
1. Өнімнің басқару панелінде Reduce/Enlarge (Кішірейту/Үлкейту) батырмасын басыңыз.
2. Осы тапсырмадағы көшірмелерді үлкейту немесе кішірейту үшін өлшемді таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Custom: 25-400% (Таңдамалы 25-400%) таңдасаңыз, пайызды əріптік-
сандық батырмалар көмегімен енгізіңіз.
Егер 2 pages/sheet (2 бет/параққа) немесе 4 pages/sheet (4 бет/параққа) опциясын
таңдасаңыз, бағытты (портрет немесе ландшафт) таңдаңыз.
3. Таңдауды сақтау үшін Start Copy (Көшіруді бастау) батырмасын басыңыз жəне дереу көшіру
тапсырмасын бастаңыз немесе тапсырманы бастамай, таңдауды сақтау үшін OK
батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Параметрлердегі өзгертулер көшірме тапсырмасы орындалғаннан кейін мөлшермен
2 минут бойы белсенді болады. Бұл уақыт барысында өнімнің басқару панелінің дисплейіне
Custom settings (Таңдамалы параметрлер) шығарылады.
Сіз баспа құралының кіріс науасындағы баспа құралының стандартты өлшемін сəйкес шығару
өлшеміне өзгертуіңіз тиіс, болмаған жағдайда көшірмеңіздің бір бөлігі қиылып қалуы мүмкін.
Стандартты көшірме өлшемін реттеу
ЕСКЕРІМ: Стандартты көшірме өлшемі болып көшірмелері қалыпты кішірейтілген немесе
кеңейтілген көшірмелер табылады. Егер сіз Original=100% (Түпнұсқаl=100%) параметрінің
зауыттық стандартты өлшемін қалдырсаңыз, барлық көшірме өлшемі түпнұсқа өлшеміне тең
болады.
1. Setup (Орнату) басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырманы Copy setup (Көшірме орнату)таңдау үшін пайдаланып, одан
кейін OK басыңыз.
3. Бағыт көрсеткіш батырмаларды пайдаланып Def. Redu/Enlrg (Стандартты Кішірейту/
Кеңейту) таңдау үшін пайдаланып, одан кейін OK басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіш батырмаларды көшірмені кішірейткіңіз немесе ұлғайтқыңыз келетін өлшем
опциясын таңдау үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Custom: 25-400% (Таңдамалы: 25-400%) таңдасаңыз, көшіргіңіз келетін
түпнұсқа өлемін пайызбен көрсетіп, теріңіз.
Егер сіз 2 pages/sheet (2 бет/парақ) немесе 4 pages/sheet (4 бет/парақ) таңдасаңыз, бағытын
(портрет немесе ландшафт) таңдаңыз.
5. Таңдауды сақтау үшін OK басыңыз.
Өнім көшірмені түпнұсқа өлшемінің 25% дейін кішірейтіп, түпнұсқа өлшемінің 400% дейін ұлғайта
алады.
Кішірейту/кеңейту параметрлері
Original=100% (Түпнұсқаl=100%)
Lgl > Ltr=78%
KKWW Көшірмені пайдаланыңыз 97