HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Көшірмені пайдаланыңыз
Бір рет басу арқылы көшіру
1. Құжатты планшетті сканерге немесе құжаттарды автоматты беру құрылғысының (ADF) кіріс
науасына салыңыз.
2. Көшіруді бастау үшін өнімнің басқару панелінде Start Copy (Көшіруді бастау) батырмасын
басыңыз.
3. Процесті əрбір көшірме үшін қайталаңыз.
Бірнеше көшірме
Көшірмелердің стандартты саны 1 мен 99 арасындағы кез келген сан болатындай етіп таңдауға
болады.
Ағымдағы тапсырма үшін көшірмелер санын өзгертіңіз
1. Өнімнің басқару панелінде # of Copies (Көшірмелер саны) батырмасын басыңыз.
2. Ағымды тапсырма үшін көшірмелер санын (1 мен 99 арасында) енгізу үшін əріптік-сандық
батырмаларды пайдаланыңыз.
3. Көшіру тапсырмасын бастау үшін Start Copy (Көшіруді бастау) батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Параметрдегі өзгеріс көшіру тапсырмасы біткен соң шамамен 2 минут ішінде
жарамды болып қалады. Осы уақыт ішінде Custom settings (Таңдамалы параметрлер)
өнімнің басқару панелінің дисплейінде көрінеді.
Көшірмелердің стандартты санын өзгертіңіз
1. Өнімнің басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Copy setup (Көшірме орнату) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
3. Бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланып Def. # of copies (Көшірмелердің стандартты
саны) опциясын таңдаңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
4. Көшірмелердің стандартты санын (1 мен 99 арасында) енгізу үшін əріптік-сандық
батырмаларды
пайдаланыңыз.
5. Таңдауды сақтау үшін OK батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Көшірмелер санының зауыттық стандартты мəні 1 тең.
Көшіру тапсырмасынан бас тарту
Көшіру тапсырмасын тоқтату үшін өнімнің басқару панелінде Cancel (Тоқтату) батырмасын
басыңыз. Егер бірнеше процестер орындалып жатқан болса, Cancel (Тоқтату) батырмасын басу
өнімнің басқару панелінің дисплейінде ағымдағы уақытта көрініп тұрған процесті жояды.
ЕСКЕРІМ: Көшіру тапсырмасын тоқтатсаңыз, планшетті сканердегі немесе құжаттарды
автоматты беру құрылғысындағы құжатты алыңыз.
96 Бап 8 Көшіру KKWW