HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Түпнұсқаларды салу
Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы (ADF)
ЕСКЕРІМ: ADF сыйымдылығы 80 г/м
2
немесе 20 фунт баспа құралдарының 50 парағына
дейін.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің зақымдалуын болдырмау үшін түзету таспасы, түзету сұйықтығы, қағаз
қыстырғыштары немесе қапсырмалары бар түпнұсқаны пайдаланбаңыз. Құжаттарды автоматты
беру құрылғысына фотосуреттерді, кішкентай түпнұсқаларды немесе сынғыш түпнұсқаларды
салмаңыз. Бұл заттарды сканерлеу үшін планшетті шыныны пайдаланыңыз.
1. Түпнұсқалар жиынының жоғарғы жағын құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының
кіріс науасына салыңыз. Баспа құралдарының бет жағы жоғарыға қарап орналасады жəне
бірінші болып басылып шығатын бет жиынның жоғарғы жағында орналасады.
Егер баспа құралы хат немесе А4 қағаз өлшемінен ұзындау болса, оны ұстап тұру үшін
құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысының кіріс науасының ұзартқышын тартыңыз
.
2. Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысына жиынды ары қарай жылжымайтын
болғанша ысырыңыз.
Document loaded (Құжат салынды) деген хабар басқару панелінің дисплейінде көрінеді.
3. Бағыттаушы құрылғыларды баспа құралдарымен тақалғанша реттеңіз.
Планшетті сканер
ЕСКЕРІМ: Хат өлшемі планшетті сканерлеу үшін ең үлкен өлшем болып табылады. Хат
өлшемінен үлкенірек баспа құралдарын сканерлеу үшін құжаттарды автоматты түрде беру
құрылғысын пайдаланыңыз.
1. Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысында (ADF) баспа құралдарының жоқтығын
тексеріңіз.
2. Планшетті сканердің қақпағын көтеріңіз.
94 Бап 8 Көшіру KKWW