HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Қағаздың екі жағына басып шығару (дуплекстік басып
шығару)
Автоматты дуплексті басып шығаруды пайдалану
1. Науалардың біріне баспа тапсырмасына жететіндей етіп қағаз салыңыз. Бланк сияқты
арнайы қағаз салғанда, оны мына əдістердің бірін пайдаланып салыңыз:
●
1-науа үшін, бланк қағазының бет жағын жоғарыға қаратып, төменгі шетін алдымен
салыңыз.
●
Барлық басқа науалар үшін, бланк қағазының бет жағын төменге қаратып, жоғарғы
шетін науаның артқы жағында қойып салыңыз.
ЕСКЕРТУ: Кептелуді болдырмау үшін 105 г/м
2
қағазынан ауыр қағаз салмаңыз.
2. Бағдарламалық құралдың File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
3. Драйверді таңдап, одан кейін Properties (Қасиеттер) немесе Preferences (Таңдаулылар)
батырмасын басыңыз.
4. Finishing (Аяқтау) жиекбелгісінде Print on both sides (Екі жағында басып шығару) опциясын
таңдаңыз.
●
Егер қажет болса, беттердің аударылу əдісін өзгерту үшін Flip pages up (Беттерді
жоғары аудару) опциясын таңдаңыз немесе Booklet layout (Буклеттік орналасу) тізім
терезесінде бекіту əдісін таңдаңыз.
5. OK батырмасын басыңыз.
Қолмен екі жағына басып шығару
1. Науалардың біріне басып шығару тапсырмасына жететіндей етіп қағаз салыңыз. Бланк
сияқты арнайы қағаз салғанда, оны мына əдістердің бірін пайдаланып салыңыз:
●
1-науа үшін, бланк қағазының бет жағын төменге қаратып, төменгі шетін алдымен
салыңыз.
●
Барлық басқа науалар үшін, бланк қағазының бет жағын жоғарыға қаратып, жоғарғы
шетін науаның артқы жағында қойып салыңыз.
ЕСКЕРТУ: Кептелуді болдырмау үшін 105 г/м
2
қағазынан ауыр қағаз салмаңыз.
2. Бағдарламалық құралдың File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
3. Драйверді таңдап, одан кейін Properties (Қасиеттер) немесе Preferences (Таңдаулылар)
батырмасын басыңыз.
4. Finishing (Аяқтау) жиекбелгісінде, Correct order for straight paper path (Қағаз өту жолының
дұрыс тəртібі) опциясын таңдаңыз, Print on both sides (manually) (Екі жағына басып шығару
(қолмен) опциясын таңдаңыз, содан кейін артқы шығыс қалтасының есігін ашыңыз.
5. OK батырмасын
басыңыз.
6. Баспа тапсырмасын өнімге жіберіңіз. Екінші жағына басып шығару үшін шыққан жиынды 1-
науаға беруден алдын уақытша шығатын терезедегі нұсқауларды орындаңыз.
88 Бап 7 Баспа тапсырмалары KKWW