HP Officejet Enterprise Color X555 - Warranty and Legal Issues Guide

9. АҚШ ҮКІМЕТІНІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРЫ. Бағдарламалық құрал толығымен жеке шығындарға
негізделіп жасалған. Бағдарламалық құрал толықтай тиісті иемдену талаптарына жауап
беретін коммерциялық компьютер бағдарламалық құралы болып табылады. Тиісінше, АҚШ
FAR 48 CFR 12.212 жəне DFAR 48 CFR 227.7202 заңдарына сəйкес, Бағдарламалық
құралдың
АҚШ Үкіметі немесе АҚШ Үкіметінің мердігері тарапынан немесе ол үшін пайдаланылуы,
көшірілуі жəне жария етілуі тек осы Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімінің
міндетті федералдық заңдарға қайшы келетін ережелерден басқа шарттарына сəйкес
жүзеге асырылады.
10. ЭКСПОРТТАУ ЗАҢДАРЫМЕН
ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Сіз (а) Бағдарламалық құралды экспорттауға
немесе импорттауға қолданылатын, не болмаса (б) Бағдарламалық құралдың
Пайдаланылуын шектейтін барлық заңдар мен ережелердің, соның ішінде ядролық,
химиялық немесе биологиялық қаруларды таратуға қойылатын шектеулердің талаптарын
сақтауға міндеттісіз.
11. ҚҰҚ
ЫҚТАРДЫҢ ҚОРҒАЛУЫ. HP жəне оның жабдықтаушылары осы Келісімде сізге тікелей
берілмеген барлық құқықтарды өздерінде сақтайды.
© 2009 Hewlett-Packard Development Company, L.P.
Басылым: 04/09
12 Бап 1 Қызмет жəне Қолдау
KKWW