HP Officejet Enterprise Color X555 - Warranty and Legal Issues Guide
Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІН ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. Түпкі
пайдаланушының лицензиялық келісімі («Келісім») — (а) сіз (жеке тұлға немесе сіз өкілдік
ететін заңды тұлға) мен (б) Hewlett-Packard компаниясы («HP») арасында бағдарламалық құрал
өнімін («Бағдарламалық
құрал») пайдалану ережелеріне қатысты жасалған келісім-шарт. Сіз бен
HP немесе оның жабдықтаушылары арасында осы Бағдарламалық құралға қатысты басқа
лицензиялық келісім (желілік құжаттамадағы лицензиялық келісімді қосқанда) болса, осы
Келісім қолданылмайды. «Бағдарламалық құрал» термині мынадай мағыналарды қамтуы
мүмкін:
(а) ілеспе құрал, (б) пайдаланушы нұсқаулығы жəне басқа басылған материалдар жəне (в)
«желідегі» немесе электрондық құжаттар (жалпы айтқанда, «Пайдаланушы құжаттамасы»).
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛҒА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАР ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ БАРЛЫҚ ШАРТТАРЫМЕН
ЖƏНЕ ЖА
ҒДАЙЛАРЫМЕН КЕЛІСКЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ
ОРНАТУ, ЖҮКТЕП АЛУ НЕМЕСЕ БАСҚАША ПАЙДАЛАНУ ƏРЕКЕТТЕРІ ОСЫ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫНА
БАҒЫНАТЫНЫҢЫЗДЫ БІЛДІРЕДІ. БҰЛ КЕЛІСІМДІ ҚАБЫЛДАМАСАҢЫЗ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ҚҰРАЛДЫ ОРНАТПАҢЫЗ, ЖҮКТЕП АЛМАҢЫЗ НЕМЕСЕ БАСҚАША ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ
САТЫП АЛЫП, БҰЛ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫМЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ,
АҚЫСЫН ҚАЙТАРЫП АЛУ ҮШІН ӨНІМДІ САТЫП АЛҒАН ЖЕРГЕ ОН ТӨРТ КҮН ІШІНДЕ ҚАЙТАРЫП
БЕРІҢІЗ. ЕГЕР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ОРНАТЫЛЫП ҚОЙСА НЕМЕСЕ БАСҚА HP ӨНІМІМЕН
ҚОЛДАНЫЛСА, ӨНІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛМАҒАН БӨЛІГІН ТОЛЫҒЫМЕН
ҚАЙТАРУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ.
1. ҮШІНШІ ТАРАП БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ. Бұл Бағдарламалық құралға, HP компаниясының
жекеменшік бағдарламалық құралына («HP бағдарламалық құралы») қоса, үшінші тараптар
лицензиясымен берілген бағдарламалық құрал («Үшінші тарап бағдарламалық құралы»
жəне «Үшінші тарап
лицензиясы») кіруі мүмкін. Қандай да бір үшінші тараптың
бағдарламалық құралы тиісті үшінші тарап лицензиясының шарттары мен жағдайлары
негізінде беріледі. Əдетте, үшінші тарап лицензиясы «license.txt» немесе «readme» сияқты
файлдарда болады. Үшінші тарап лицензиясын таба алмаған жағдайда, HP қолдау
орталығына хабарласқан жөн
. Үшінші тарап лицензияларында бастапқы кодты (GNU жалпы
қоғамдық лицензиясы сияқты) қолжетімді ететін лицензиялар болса жəне тиісті бастапқы
код Бағдарламалық құралмен бірге берілмесе, оны алу туралы ақпаратты HP веб-
торабының (hp.com) өнімге берілетін қолдау беттерінен қараңыз.
2. ЛИЦЕНЗИЯ ҚҰҚЫҚТАРЫ.
Осы келісімнің барлық шарттарымен жəне жағдайларымен
келіскен жағдайда, мынадай құқықтарға ие боласыз:
а.
Пайдалану. HP компаниясы сізге HP бағдарламалық құралының бір нұсқасын
пайдалануға лицензия береді. «Пайдалану» сөзінің мағынасы — HP бағдарламалық
құралын орнату, көшіру, сақтау, жүктеп
алу, орындау, көрсету немесе басқаша
пайдалану. HP Бағдарламалық құралын өзгертуге немесе оның қандай да бір
лицензиялау немесе басқару мүмкіндіктерін өшіруге болмайды. Бұл бағдарламалық
құралды HP компаниясы кескін өңдеу немесе басып шығару өнімімен (мысалы,
Бағдарламалық құрал принтер драйвері, микроба
ғдарламасы немесе қосымша
бағдарламасы болса) пайдалану үшін берген болса, оны тек сондай өніммен
(«HP өнімі») пайдалануға болады. Пайдалануға қатысты қосымша шектеулер
пайдаланушы құжаттамасында болуы мүмкін. HP бағдарламалық құралының құрамдас
бөліктерін бөліп пайдалануға болмайды. Сізге HP Бағдарламалық құралын тарату
құқы
ғы берілмейді.
ə.
Көшіру. Көшіру құқығы HP бағдарламалық құралының мұрағаттық немесе сақтық
көшірмесін жасау əрекетін білдіреді жəне оның əр көшірмесі барлық түпнұсқа
HP бағдарламалық құралының жекеменшік туралы ескертпелерін қамтып, тек сақ
тық
көшірмесін сақтау мақсатында пайдаланылу керек.
10 Бап 1 Қызмет жəне Қолдау
KKWW