HP Officejet Enterprise Color X555 - User's Guide

Ауа желдеткіштері немесе ашық терезелер не есіктер сияқты желдетілетін орындардан
өнімді əрі жылжытыңыз.
Өнімнің өнім спецификациясынан тыс температураларға не ылғалдыққа шығарылмағанын
тексеріңіз.
Өнімді шкаф сияқты қоршалған орынға қоймаңыз.
Өнімді тегіс əрі қатты жерге ор
наластырыңыз.
Өнімнің желдеткіштерін блоктайтын кез келген затты алып тастаңыз. Өнім жоғарғы
жағымен қоса барлық жақтарында жақсы ауа ағынының болуын қажет етеді.
Өнімді ауадағы радиоактивті заттардан, шаңнан, будан, майдан немесе өнімнің ішінде
қалдық қалдыратын басқа элементтерден қорғаңыз.
3-қадам: жеке науа туралануын орнату
Нақты науалардан басып шығарғанда мəтін немесе суреттер басып шығарылған бетте ортада
болмаса немесе дұрыс тураланбаса, мына қададарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) түймешігіне жылжып
барып, түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
General Se
ttings (Жалпы параметрлер)
Баспа сапасы
Суретті тіркеу
3. Реттелетін науаны таңдаңыз.
4. Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару) түймешігін түртіп, басылған беттердегі
нұсқауларды орындаңыз.
5. Нəтижелерді тексеру үшін, Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару) түймешігін түртіңіз,
қаж
ет бо
лса басқа реттеулерді жасаңыз.
6. Нəтижелерге көңіліңіз толған кезде, жаңа параметрлерді сақтау үшін, Save (Сақтау)
түймешігін түртіңіз.
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
Калибрлеу баспа сапасын оңтайландыратын өнім функциясы болып табылады.
Дұрыс түспеген түстер, түсті көлеңкелеу, бұлыңғыр графикалар немесе басқа баспа сапасы
мəселелері сияқты баспа сапасына байланысты проблемаларды шешу үшін мына қадамдарды
орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі эк
ранда Device Maintenance (Құрылғы күтімі)
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
88 Бап 6 Жалпы ақаулықтарды түзету
KKWW