HP Officejet Enterprise Color X555 - User's Guide

Қағаз түрінің параметрін тексеру (Mac OS X)
1. File (Файл) мəзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мəзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Əдепкіде принтер драйвері Copies & Pages (Көшірмелер мен беттер) мəзірін көрсетеді.
Мəзірлердің ашылмалы тізімін ашыңыз да, Finishing (Аяқтау) мəзірін бас
ыңыз.
4. Media Type (Медиа түрі) ашылмалы тізімінен бір түрді таңдаңыз.
5. Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
Сия картриджінің күйін тексеру
Басып шығарылған беттерде шағын басылмаған аумақтар, сызықтар немесе жолақтар бар
болса, сия картридждеріндегі болжалды қалған қызмет көрсету мерзімін тексеру үшін мына
қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Supplies (Жабдықтар) түймешігіне жылжып
барып, түртіңіз.
2. Ба
рл
ық жабдық элементтерінің күйі экранда беріледі.
3. Жабдыққа қайта тапсырыс беру үшін барлық жабдық элементтерінің күйін, соның ішінде
түпнұсқа HP бөлшек нөмірін басып шығару немесе қарау үшін, Manage Supplies (Жабдықтар
күйі) түймешігін түрт
іңіз. Supplies Status (Жабдықтар күйі) түймешігін, содан кейін Print
(Басып шығару) немесе View (Қарау) түймешігін түртіңіз.
4. Картридждер үшін қалған қызмет көрсету мерзімінің пайызын жəне, қажет болса, басқа
ауыстырылатын техникалық қызмет көрсету бөлшектерінің к
үйін тексеріңіз.
Болжалды қызмет көрсету мерзімінің соңындағы сия картриджін пайдаланғанда, баспа
сапасы мəселелері орын алуы мүмкін. Жабдық күйінің беті жабдық күйінің өте төмен
екенін көрсетеді. HP жабдығы ең төменгі шегіне жеткенде, ол жабдыққа ар
налған HP
бастапқы қорғау кепілдігі аяқталады.
Баспа сапасы нашар болмаса, сия картриджін қазір ауыстырудың қажеті жоқ. Баспа сапасы
нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз.
Сия картриджін немесе басқа ауыстырылатын техникалық қызмет көрсету бөлшектерін
ауыстыру қажеттігін анықтасаңыз,
жабдықтардың күйі бетінде түпнұсқалық HP бөлшектері
нөмірлерінің тізімі беріледі.
5. Түпнұсқа HP картриджін пайдаланып жатқаныңызды көру үшін тексеріңіз.
Түпнұсқалық HP сия картриджінде «HP» немесе «Hewlett-Packard» сөздері немесе HP
логотибі болады. HP картридждерін анықта
у туралы қосымша ақпаратты www.hp.com/
support торабынан қараңыз. Еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз. Troubleshooting (Ақаулықтарды
жою) түймешігін басыңыз. Өнім атауын енгізіп, Search (Іздеу) опциясын таңдаңыз.
Hewlett-Packard компаниясы жаңа немесе қайта өндірілген HP жабдықтары болып
табылмайтын жабдықтарды пайдалануды ұсынбайды. Олар HP компаниясының өнімдері
бо
лмағандықтан, HP компаниясы олардың əзірленуіне ықпал ете алмайды жəне сапасын
бақылай алмайды. Егер толтырылған жəне қайта жасалған сия картриджін пайдаланып
жатсаңыз, əрі баспа сапасына көңіліңіз толмаса, картриджді түпнұсқалық HP сия
картриджімен ауыстырыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақса
рту
85