HP Officejet Enterprise Color MFP X585 / Flow X585 - User Guide

3.
Бергіш біліктерінің əрқайсысынан жəне
бөлгіш төсемесінен қысылған ауаны
немесе жылы суға малынған таза
талшықсыз шүберекті пайдаланып кез
келген көрінетін талшықтарды немесе
шаңды кетіріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші роликті тазалай алу
үшін, ролик құрылғысын көтеріңіз.
4. Құжат бергіштің қақпағын жабыңыз.
Бетке шақтау параметрін тексеру
Fit to Page (Бетке шақтау) параметрі қосылған болса жəне кіріс факсы əдепкі бет өлшемінен
үлкенірек болса, өнім бетке шақтау үшін суретті масштабтауға əрекет жасайды. Бұл параметр
ажыратылған болса, үлкенірек суреттер бірнеше бетке таралады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Admin
istration (Басқару) түймешігіне жылжып
барып, түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Факс қабылдау параметрлері
Əдепкі тапсырма параметрлері
Бетке шақтау
3. Параметрді қосу үшін Enabled (Қосулы) опциясын таңдаңыз немесе оны ажырату үшін
Disabled (Ажыратулы) опциясын таңдаңыз. Sav
e (
Сақтау) түймешігін түртіңіз.
Жіберушінің факс құрылғысын тексеру
Жіберушіден басқа факс құрылғысынан жіберіп көруді сұраңыз. Факс сапасы жақсырақ болса,
ақаулық жіберушінің факс құрылғысында туындаған. Басқа факс құрылғысы қол жетімсіз болса,
жіберуші ретінде келесі өзгерістерді орындауды қарастырыңыз:
Түпнұсқа құжаттың ақ (түсті ем
ес) қағазда екенін тексеріңіз.
Факс ажыратымдылығын, сапа деңгейін немесе контраст параметрлерін арттырыңыз.
Мүмкін болса, факсті компьютердің бағдарламалық құралынан жіберіңіз.
KKWW Факс сурет сапасын жақсарту
159