HP Officejet Enterprise Color MFP X585 / Flow X585 - User Guide

Өнімді тазалау
Тазалағыш бетті басып шығару
Төмендегі мəселелердің кез келгені туындаса, қағаз жолынан шаңды жəне артық қалдықты
кетіру үшін тазалау бетін басып шығарыңыз:
Басып шығарылған беттерде сия дақтары бар.
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
Тазалағыш бетті басып шығару үшін төменде
г
і іс рəсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Device Maintenance (Құрылғы күтімі)
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Calibration/Cleaning (Калибрлеу/тазалау) опциясын түртіп, бетті басып шығару үшін Print
Cleaning Page (Тазалау бетін басып шығар
у) опциясын түртіңіз.
3. Тазалау бірнеше минут алуы мүмкін. Тазаланып болғанда, басылып шыққан қағазды алып
тастаңыз.
Баспа механизмін тазалау
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Device Maintenance (Құрылғы күтімі)
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Calibration/Cleaning (Калибрлеу/тазалау) пəрменін түртіңіз.
3. Clean Print head (Баспа механизмін тазалау) пəрменін түртіңіз.
Сияның жағылуын кетіру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Device Maintenance (Құрылғы күтімі)
түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Calibration/Cleaning (Калибрлеу/тазалау) пəрменін түртіңіз.
3. Resolve Ink Smear (Сияның жағылуын кетіру) пəрменін түртіңіз.
Сканер əйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер əйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына əсер етуі
мүмкін. Басып шығарылған бетте жабысулар, қажетсіз сызықтар, қара нүктелер, баспа сапасын
нашар немесе түсініксіз мəтін болса, сканерді тазалау үшін келесі процедураны пайдаланыңыз.
136 Бап 9 Жа
лпы ақау
лықтарды түзету
KKWW