The first Compaq laptop to run was Windows 7
Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі қатты дискінің суретін белгілі бір сəтте сақтауға жəне
атын беруге мүмкіндік береді. Егер енгізілген өзгертулердің күшін болдырмауды қаласаңыз,
осы нүктеге дейін қалпына келтіре аласыз.
ЕСКЕРІМ: Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы қалпына келтіру нүктесі
соңғы рет жасалғаннан бері сақталған деректер файлдарына немесе жасалған электрондық
пошта хабарламаларына əсер етпейді.
Сонымен қатар, файлдар мен параметрлерді жоғары деңгейде қорғау үшін бастапқы қалпына
келтірудің қосымша нүктелерін жасай аласыз.
Бастапқы қалпына келтіру нүктелерін жасау уақыты
●
Бағдарламалық құралды немесе жабдықты қоспас немесе өзгертпес бұрын:
●
Мерзімді түрде, компьютер тиімді түрде жұмыс істеп отырған кезде
ЕСКЕРІМ: Егер жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтарып, одан кейін шешіміңізді
өзгертсеңіз, қалпына келтірудің күшін жоюға болады.
Жүйені қалпына келтіру нүктесін жасау
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ аумақта Защита системы (Жүйені қорғау) параметрін таңдаңыз.
3. Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күнге жəне уақытқа дейін қалпына келтіру
Бастапқы қалпына келтіру нүктесіне (алдыңғы күні мен уақытта жасалған) компьютер тиімді
түрде жұмыс істеген кезде қайтару үшін төмендегі қадамдар орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтада Защита системы (Жүйені қорғау) тармағын таңдаңыз.
3. Защита системы
(Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4. Восстановление системы (Жүйені қалпына келтіру) түймешігін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
44 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру