The first Compaq laptop to run was Windows 7

Арнайы қалпына келтіру бөлімі арқылы қалпына келтіру (тек
таңдаулы үлгілерде)
Арнайы қалпына келтіру бөлімін пайдалану кезінде суреттердің, музыканың жəне басқа да
аудио файлдардың, бейнелердің, фильмдердің, жазылған теледидар шоуларының,
құжаттардың, электрондық кестелердің, көрмелердің, электрондық пошта хабарларының,
Интернеттегі таңдаулы элементтердің жəне параметрлердің сақтық көшірмесін жасауға
болады.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. HP Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
Пуск (Бастау) >
Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP > HP Recovery
Manager > HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
немесе
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. «F11 (System Recovery)»
(F11 (Жүйені қалпына келтіруі)) хабары экранда көрсетілгенде f11 пернесін басыңыз.
2. HP Recovery Manager терезесінде System Recovery (Жүйені
қалпына келтіру) параметрін
таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
40 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру