The first Compaq laptop to run was Windows 7
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру дискілерін жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш
дискісіне салмай тұрып нөмірлеңіз.
●
Қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына келтіру флэш-дискісінің
жасалуы барысында бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager
бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру
ұсынылатын болады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасау үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Безопасность и защита
(
Қауіпсіздік жəне қорғау) > HP Recovery Manager > HP Recovery Media Creation (HP
қалпына келтіру дискісін жасау) тармақтарын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді. HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру
дискілерінен, қалпына келтіру флэш-жадынан немесе қатты дискідегі арнайы қалпына келтіру
бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) жұмыс істейді.
ЕСКЕРІМ: Жүйені қалпына келтіруді компьютердің қатты дискісінде ақаулық орын алған
жағдайда немесе компьютердің қызмет ету мəселелерін шешу əрекеттері нəтиже бермегенде
орындау қажет. Жүйені қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы əрекеті
ретінде пайдаланған жөн.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде келесі мəліметтерді ескеріңіз:
● Сақтық көшірмесі бұрын жасалған жүйені ғана қалпына келтіруге болады. НР компаниясы
компьютеріңізді орнатқаннан кейін қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына
келтіру флэш-жадын жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламалық құралын
пайдалануды ұсынады.
● Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу мүмкіндіктері бар. Егер бұл
мүмкіндіктерді əлі сынап
көрмесеңіз, HP Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын
оларды сынап көріңіз.
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген
бағдарламалық құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші
қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 39