The first Compaq laptop to run was Windows 7
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату
Меңзегіш құрылғыларының түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер
опциялары сияқты параметрлерін реттеу үшін, Windows® жүйесіндегі тінтуір сипаттарын
қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен
принтерлер) тармағын таңдаңыз. Одан кейін, компьютеріңіз болып келетін құрылғыны тінтуірдің
оң жақ түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
22 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар