The first Compaq laptop to run was Windows 7
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет
қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз.
Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін
желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы
идентификаторы мен құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз
жерде сақтаңыз.
Жаңа Интернет жазбасын орнату немесе компьютердің параметрлерін бар жазбаны
пайдаланатын реттеу үшін көмектесетін мынадай мүмкіндіктер бар:
●
Интернет қызметтері мен ұсыныстары (кейбір жерлерде бар) — бұл утилита жаңа
Интернет жазбасын жасауға жəне бар жазбаны пайдалану үшін компьютер параметрлерін
реттеуге көмектеседі. Бұл утилитаны пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) > Интернет-
службы (Интернет қызметтері) > Интернет
(Интернетке кіру) тармақтарын таңдаңыз.
●
Интернет провайдері беретін белгішелер (кейбір жерлерде бар) — бұл белгішелер
Windows жұмыс үстелінде көрсетілуі немесе Online Services (Желідегі қызметтер) атты
жұмыс үстелі қалтасында топталуы мүмкін. Компьютерде жаңа Интернет жазбасын орнату
немесе компьютерді бар жазбаны пайдаланатын етіп реттеу үшін белгішені екі рет басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шебері — Windows жүйесінің Интернетке қосылу
шеберін Интернетке төмендегі жағдайлардың кез келгенінде қосылу үшін пайдалануға
болады:
◦
Интернет провайдерінде тіркелген есептік жазбаңыз бар болған жағдайда.
◦ Интернет есептік жазбасы болмаған жəне Интернет провайдері шебердегі тізімнен
таңдағыңыз келген жағдайда. (Интернет провайдерлерінің тізімі барлық аймақтарда
бола бермейді).
◦
Тізімде жоқ Интернет провайдері таңдалған жағдайда жəне
таңдалған Интернет
провайдері IP мекенжайы, сондай-ақ POP3 жəне SMTP параметрлері сияқты қажетті
ақпарат берген жағдайда.
Windows Интернетке қосылу шебері мен шеберді пайдалануға арналған нұсқауларды ашу
үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі
жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ
пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Шебер Windows желіаралық қалқанын қосу немесе ажыратуды таңдауыңызды
сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз.
16 Бап 4 Желі орнату