The first Compaq laptop to run was Windows 7
3 HP QuickWeb (тек таңдаулы
үлгілерде)
●
HP QuickWeb бағдарламасын бастау
HP QuickWeb ортасы таңдаулы əрекеттеріңіздің басым бөлігін көңілді əрі қызықты етіп орындау
мүмкіндігін береді. Компьютеріңіз QuickWeb құралы іске қосылғаннан кейін бірнеше секунд
ішінде Интернетке, виджеттерге жəне байланыс бағдарламаларына жылдам кіруге дайын
болады. QuickWeb пернесін (немесе таңдаулы үлгілерде QuickWeb түймешігін) басыңыз да,
Интернетте шолуды, Skype арқылы байланысуды жəне басқа HP QuickWeb бағдарламаларын
пайдалануды бастаңыз.
HP QuickWeb негізгі экранының төмендегідей мүмкіндіктері бар
:
●
Веб-браузер — Интернетті шолу жəне онда мəлімет іздеу, таңдаулы веб-тораптарға
сілтеме жасау.
●
Skype — VoIP протоколын пайдаланатын Skype бағдарламасы арқылы хабарласу. Skype
бағдарламасы бір немесе бірнеше кісімен бір уақытта конференциялық байланыс
орнатуға немесе бейне чат жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жерүсті байланыс
желілеріне қашықтан қоңырау шалуға болады.
●
Виджеттер — жаңалықтар, ауа райы болжамдары, əлеуметтік желі
арқылы хабарласу,
биржалық хабарлар, калькулятор, жабысқақ ескертулер, т.б. үшін қолданылады. HP
QuickWeb негізгі экранына қосымша виджеттер қосу үшін «Widget Manager»
бағдарламасын да пайдалануға болады.
ЕСКЕРІМ: HP QuickWeb бағдарламалық құралын пайдалану туралы қосымша ақпаратты
HP QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
13